Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Индер аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлерінің этикалық ережелер мен нормаларының жиынтығы

2015-10-07 01:30:00

І. Медициналық этикеттің негізгі талаптары:

1. Дәрігердің түр-сипаты науқасты алдында кәсіби маман тұрғанына сендіру керек.

2. Дәрігер жинақы, байсалды,  мейірбан, дені сау және сымбатты адам болуы тиіс.

ІІ.Этикалық норма:

  1. медиктер үшін жақсы мәнер, сыпайылық, мейірбандық, тазалық міндетті.
  2. дауысын көтеруге, науқастарға және олардың туыстарына дөрекі сөйлеуге жол берілмейді, өзін қатал бірақ әдепті ұстауы тиіс.
  3.  медицина қызметкері ем алушыны немесе оның туыстарын жақтырмаған жағдайда негативті сезімдерін не сөзде, не қимылда, әсіресе емдеуде көрсетпеуі тиіс.

ІІІ. Медициналық этикет ережелері:

  1. шені мен атауына қарамастан ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастың әдептілігі.
  2. әріптестерін сыйлау, ақ медициналық халат тәрізді тазалық пен мамандықтың жоғары мәнін атап көрсетеді.
  3. осы принципті науқастың алдында сөйлескен уақытта ерекше ұстану қажет.
  4. ағайыншылдық,  басшылық пен қоластындағы қызметкерлер тарапынан жағымпаздану медиктің беделіне кері әсер етеді.
  5. дәрігер ем алушының алдына әріптесінің біліктілігіне күмән келтірсе этикаға жатқызылмайды.
  6. жас мамандарға ұстаздық ету, тәжірибесі мен білімін беру.
  7.  әрбір жақсы дәрігер, ғалымның еңбек жолының басында өз Ұстазы болды,   оған өмір бойы құрмет пен  алғыс сезімдері сақталады.
  8. Медицинада еңбегі сіңген дәрігерлерге, проффесорлар  мен академиктерге сый-құрмет көрсету қалыптасқан. Осы адамдардың  медик ретіндегі басты байлығы –ешқандай қабілет пен білім орнын баса алмайтын Тәжірибе.
  9. ІV- Дәрігерлік қатені дәлелдейтін фактілер:
  1. дұрыс талданбаған зерттеу нәтижелері, қойылған қате диагноз, дұрыс жүргізілмеген ем – дәрігер өзінің алдындағы дәрігерді кінәламай, ең алдымен науқасқа қалай көмек көрсетуін ойластыруы қажет.
  2. корпоративтік ынтымақтастық  дегеніміз қатеге көз жұму емес, жағдай әріптеспен көзбе көз және оңаша талқылаyes  тиіс.
  3. Сын қызметтестің жеке қасиетіне көшпей негізделген,  тәртіпті және іске қатысты болуы тиіс. Қиын жағдайда дәрігерлер консилимуына  жүгіну керек.

V. Дәрігерлердің орта және кіші медицина қызметкерлеріне қарым-қатынасы:

заманауи медбике- өте көп нәрсені білетін және жасай алатын жоғары білікті маман.

  1. ол  дәрігердің бірінші көмекшісі,онсыз емдеу үрдісі мүмкін емес.
  2. медбике этикасының ең маңызды талабы- дәрігерді сыйлау-  сөзсіз орындалуы тиіс.

 

VІ. Медицина этикасы:

  1. барлық заманда дәрігерлер құрметтелген.
  1. осы мамандықтың адамдары дүниеге келу сәтінен бастап өлім сағатына дейін адам өмірінің ең  қиын уақыттарында көмекке келеді.
  2. бірақ ақ халаттағы адамды тек қана құрмет пен сый емес, сонымен бқатар түсінбеушілік, күдікшілдік, мазақ  пен тіпті қарғыс  та қоршайды.
  3. орта ғасырларда: «Дәрігердің үш беті - күнделікті өмірде адамгершілігі мол адам беті, науқас төсегінің жанында періште жүзі және ақысын талап еткен уақытта – шайтан бейнесі бар» деген мақал пайда болған.