2017 жылдың 20 қазанында Көктоғай дәрігерлік амбулаториясының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатын Аудан әкімі С.Б.Арыстан құттықтау сөзімен бастап, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысы М.Аймурзиева сөз сөйледі. Жаңа ғимарат кілтін мердігер компания өкілдері амбулаторияның аға дәрігеріне табыстап, лента қию салтанаты өткізілді.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Көктоғай дәрігерлік амбулаториясының негізі 1968 жылы 40 кереуеттік Зеленый учаскелік ауруханасы болып қаланды. Ауруханада терапия, балалар бөлімі, перзентхана, амбулаторлық және физиотерапия бөлімдері жұмыс жасады. 2010 жылы оңтайландыру бағытында учаскелік аурухана дәрігерлік амбулаторияға ауыстырылып, Индер аудандық орталық ауруханасымен біріктірілді. Көктогай дәрігерлік амбулаториясының қызмет аясы Коктогай ауылын және 70 шақырым қашықтықты құрайтын шалғайда орналасқан жайлым учаскесін қамтиды. Жалпы тұрғындар саны -2695, оның - 216 шалғай участок тұрғындары. Әйелдер саны - 753 ,оның ішінде бала босану жасындағы - 426, жүкті әйелдер - 26. Жалпы балалар саны - 738, оның ішінде 1 жасқа дейін - 60. Жалпы Д –учетта адамдар саны - 620, мүгедектер - 114, ересектер - 105, балалар - 9.
Амбулаторияда 2 ЖПД дәрігері, 11 орта буын қызметкерлері жұмыс жасайды. Мамандар біліктілік курстарынан әрбір 5 жылда жоспарлы түрде оқытылып, арнаулы сертификаттармен қамтылған. «Денсаулық» бағдарламасына сай жұмыс жоспары жасақталып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетілуде.. Дәрігерлік амбулатория интернет жүйесіне қосылған 5 компьютер пайдаланылуда. Жұмыс барысында ақпараттық жүйелер ( РПН , СКПН , АЙС поликлиника, ЭРСБ , ЭРДС, ИСЛО, КазМедИнформ) қолданылады.Дәрігерлік амбулаторияда күндізгі аурухананың 7 керуеті жұмыс жасайды, оған көрсетілімдері бойынша Д–есепте тұрған балалар, ересектер және бала туу жасындағы әйелдер, мүгедектер ем қабылдап, сауықтырылады. Амбулаторияға 2016 жылы УАЗ автокөлігі пайдалануға берілді. Ендігі кезекте, мердігер INCOC компаниясына, Аудан әкімдігі мен АОДСБ алғысымызды білдіре отырып, жаңа ғимаратта округ тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары бұрынғыдан да қарқынды жүретіндігіне нық сенім білдіреміз.
- Басты бет
- СМК
- Жаңалықтар
- Индер аудандық ауруханасына қажетті дәрігерлер
- Мәмс
- ҚР ӘМ Құқықтық ақпараттық қызметі
- Ақпарат
- Дербес төлеушілер МӘМС жарналарын өз бетінше қалай төлеуге болады
- Пациенттерді қолдау қызметі
- 2023 жылы мәмс үшін кімдер қанша төлейді
- Ақпарат
- Жас дәрігерлерді қабылдау сәті
- Ақпарат
- Ақпарат
- Ақпарат
- 2022 жылы МӘМС үшін кім және қанша төлейтін болады
- Ақпарат
- Ақпарат
- 2024 жылы міндетті медициналық сақтандыру бойынша төлемдер сомасы
- Хабарландыру
- Жек тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту науқаны жүргізудің басталатындығы туралы хабарлама
- Анонс
- Индер аудандық ауруханасы төмендегі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындар бар екендігін хабарлайды
- Индер аудандық ауруханасына қажетті мамандар
- Бұйрық №15-5/1943
- «Индер аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі
- Атырау облысы бойынша 2015 жылы орта білімді медицина мамандарына біліктілік санатын тағайындау емтихандарын өткізу кестесі
- ХАБАРЛАНДЫРУ
- Құрметті Индер ауданының тұрғындары
- Запрос ценовых предложений на лекарственные средства
- Запрос ценовых предложений на лекарственные средства и Протокол №3
- Протокол №4
- Запрос ценовых предложений на лекарственные средства
- Запрос тендера на лекарственные средства
- Дәрі-дәрмектеді сатып алу бойынша тендері туралы
- Баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейінгі
- Хабарландыру
- Ақпарат
- Хабарландыру
- приказ медикамент
- Объявление № 1 от 27.02.2024 г
- Протокол
- "Саркома" дерті туралы хабарландыру
- Дәрігерлердің қабылдау уақыты
- Инфографика
- Байланыс
- Байкау кенес
- Комплаенс қызметі