Жек тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы
көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту
науқаны жүргізудің басталатындығы туралы
хабарлама
«Индер аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ- 194/2020 бұйрығымен бекітілген Медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларына сәйкес 2021 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК ұйымы) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне Бекіту науқаны басталғандығы туралы хабарлайды. Бекіту науқаны тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер Денсаулық сақтау субъектілерініңдеректер корында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасындағана өткізіледі. Жеке тұлғалардың МСАК ұйымдарына бекіту олардың өтініші бойынша «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы жүргізіледі.