2015 жылдың 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы Индер аудандық орталық ауруханасына халықты бекіту науқаны жүргізілуде. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына бекіту тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады. Бекіту тұрғынның тікелей Ондасынов тұйық көшесі, 3а мекен-жайы бойынша аудандық емхананың 1 қабатындағы орналасқан учаскелік бөлімшесінде, ауылдық жерлерде селолық амбулаторияларда немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Алғашқы медиицналық-санитариялық көмек ұйымына бекіту үшін аудандық орталық аурахана бас дәрігерінің атына жазылған еркін түрде арыз және жеке басын куәландыратын құжаттың (он алты жасқа толмаған адамдар үшін - туу туралы куәлік) көшірмесін тапсыру қажет.
Индер аудандық орталық аурухана әкімшілігі