Түсіндірме хаттамасы

 

                                                                                                              «23» қазан 2023 жыл

 

Қатынасқандар: 

 

Аудандық аурухана мен емхананың қызметкерлері,

дәрігерлік амбулаториялардың аға дәрігерлері,

Барлығы – 50 қызметкерлер қатынасты.

 

Төраға: С.Р.Ермухановааудандық аурухана директорының

                                                 уақытша міндетін атқарушы

Хатшы: С.Ж.Дюсенбиев - заңгер

 

 Күн тәртібінде

 

Индер аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндірме  жұмыстар туралы

 

        Сөз сөйлегендер:

        Төрағалық етуші С.Ермуханова аудандық аурухананың және оған қарасты медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті шаралар алу жөнінде жауапты мамандар мен аға дәрігерлерге  ескертті. Аудандық ауруханамен дәрігерлік амбулаториялардың, медициналық пункттердің ішінде көрнекі жерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі плакаттардың, сенім телефондары туралы ақпараттың ілінуін қатаң тапсырды.   Қызметкерлерге ұжымда жемқорлыққа жағдай туғызатын жағдайлар немесе оқиғалар болған жағдайда міндетті түрде кәсіпорын басшысына хабарлау қажет екендігін ескертті.

         Бұдан соң сөз салған заңгер С.Дюсенбиев ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыстар ұдайы жүргізіліп отыру қажет екендігін, сыбайлас жемқорлық туғызатындай жағдайларды болдырмауға жұмыстану қажет дей келе, сыбайлас жемқорлықты жою үшін алдымен адамда ішкі мәдениеттің, жемқорлық әрекеттерге төзбеушілік қасиеттердің, патриотизмдік сана сезім болғаны аса қажет, сондықтан өзімізді және балаларымызды биік рухпен тәрбиелеуге шақырды.  

        Сондай-ақ аурухананың әлеуметтік желілері мен интернет сайты ашылғанын, осығанда тұрғындарға қажетті ақпараттарды, хабарландыруларды ұдайы жариялап отыру керек екендігіне тоқталды. 

        Тұрғындардан келіп түскен арыз шағымдар мен өтініштерге мерзімінде тіркеп тиісті түрде жауап хат жолдап отыруды қатаң бақылауда ұстауды ескертті .

 

                  Төраға                                                                             С.Ермуханова 

                                          

                   Хатшы                                                                             С.Дюсенбиев    

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына
2-қосымша

Форма

БЕКІТЕМІН»

ШЖҚ КМК «Индер аудандық

ауруханасының директоры» А.Х.Доспаева

_____________________

(қолы)

_____________________

(күні)

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша                        

ұсынымдар

(талдау объектісінің атауы)

 

р/с№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын

басшылыққа ала отырып, зерделеу жұмыстарын жүргізу

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың, сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс әрекет нұсқамаларының ұжымда сақталуына, мүдделер қақтығысы мен құзыреттерді бөлу жұмыстарына талдау жасау

Ақпарат

Директордың орынбасары

31.12.2023 жылға дейін

2

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын, ішкі еңбек регламентін басқа да НҚА сақталуын қатаң бақылау

Еңбек тәртібінің, жұмыс кестесінің орындалуын қамтамасыз ету, Мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін өз жұмыс жоспарларына енгізу, оның орындалуына өзіне және бағынысты қызметкерлердің іс-әрекеттерінің жауаптылығына талдау жасау

Жоспар

Ақпарат

Директордың орынбасары

Персоналды басқару бөлімінің маманы, Заңгер

31.12.2023 жылға дейін

3

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар жүргізу кезенде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заның, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын қатаң сақтау

 

Мемлекеттік сатып алу жоспарының уақытылы және толық орындалуына талдау жасау

Анықтама

Мемлекеттік сатып алу маманы

31.12.2023 жылға дейін

4

Бос жұмыс орындарын жариялауда және жұмысқа қабылдау барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын басқа да заңнамалардың, талаптарының сақталуын

қатаң сақтау

Бос жұмыс орындарын жариялауда және жұмысқа қабылдау барысында заңнамалардың, талаптарының сақталуына  талдау, мониторинг жасау

Құжаттар

жеке істер

Жоспар

Ақпарат

Персоналды басқару бөлімінің маманы, Заңгер

31.12.2023 жылға дейін

5

Бұқаралық ақпарат құралдарында тұрғындар тарапынан жазылған ұсыныс-пікірлерге, хабарламаларға талдау жасау, саладағы жаңалықтарды жариялап отыру, қате және негізсіз  ақпараттарға  дәйекті тура пікірлер білдіріп отыру

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу, талдау жасау

Ақпарат

Персоналды басқару бөлімінің маманы, Заңгер

Тұрақты түрде ұдайы

6

Мекемеде сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу мәселесі туралы жиналыстар, дөңгелек үстелдер өткізу, ақпаратты әлеуметтік желілерде, және БАҚ-да ақпарат жариялау

Сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде  және БАҚ-да ақпарат жариялануына мониторинг жүргізу

Ақпарат

Персоналды басқару бөлімінің маманы, Заңгер

Тоқсанына кемінде бір рет дейін

 


Сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін талдау жүргізу бойынша  әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымша

 

 

Талдамалық анықтама

 

               Кіріспе бөлім: «Индер аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК–де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2023 жылғы 1 тамыздағы №85 бұйрыққа сәйкес  мекеменің персоналды басқару қызметіне және мемлекеттік сатып алу қызметіне 2023 жылдың 10-31 тамызы аралығында сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Талдау жүргізген мекеменің заңгері, талдау жүргізуге жауапты болып бекітілген уәкілетті тұлға Дюсенбиев Сәттібек Жеңісұлы.

 

      Сипаттама бөлігі:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
  • Персоналды басқару бағыттарына тексеру жүргізу;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалған іс-шаралары туралы;
  • Мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тексеру;
  • Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің қызметкерлердің құжаттарын тексеру.
  • Мекемеде 2023 жылдың сегіз айында Еңбек қатынастарына қатысты заң бұзушылықтар анықталмады. Мекеменің біліктілік талаптарында айқындайтын нормативті құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады.

Қызметкерлер жұмысқа орналасқан кезде заңда көзделген артықшылықтарды беру мүмкіндігі, жекеленген қызметшілерге ерекше көзқарас білдіру мүмкіндіктері, қызметкерлердің жұмыстан босатылуы кездерінде заң бұзушылықтар анықталмады.

Заң бұзушылықтар анықталмады.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу
  • Қабылданатын нормативтік құқықтық актілерде басымдықтар беру қысымшылықтар беру фактілерін анықтау. Заң бұзушылықтар анықталмады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету
  • Талдаумен қамтылмады.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
  • Талдаумен қамтылмады
  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
  • Талдаумен қамтылмады
  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
  • Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарына мониторинг жүргізілді.  Атап айтқанда техникалық сипаттамаларды дайындау, мерзімдерін тексеру. Келісім шарттың талаптарын орындамаған жеткізіп берушілерді сотқа беру, қаржыны өндіріп алуларға тексеру жүргізу.
  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
  • Мекеменің қызметкерлері, жеке және заңды тұлғалармен жасасқан келісім шарттардың заңдылыққа сәйкестігі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тексеру жүргізілді. Атап айтқанда кәсіпкерлерге басымдық беру немесе кедергілер жасау.

                Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

Ақпараттық жүйелердің, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу. Кәсіпорынның ресми сайты, фэйсбук, инстаграммда бетшелер ашылған. Сайтқа, әлеуметтік желілерге жарияланған материалдардар толық емес екендігі анықталды. Атап айтқанда, өткізілген шаралар мен тұрғындарды қабылдау кесетелерін мерзімінде жариялап отыру ұсынылады.

 

Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

  • Талдаумен қамтылмады.

 

      Директор                                                                                                                 А.Х.Доспаева

 

                                                                                                                     

                          13.09.2023 ж

 

fsdfssfd


 

«Индер аудандық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                                     іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа ала отырып үстіміздегі жылдың тамыз айының 10-31 күндері (персоналды басқару қызметі, мемлекеттік сатып алу қызметі) 2023 жылдың сегіз айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері талқыланауда.

           Мемлекеттік сатып алу жоспарының уақытылы және толық орындалуына талдау жасау; Бос жұмыс орындарын жариялауда және жұмысқа қабылдау барысында заңнамалардың, талаптарының сақталуына талдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

          Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға талдау жасалып,  материалдардың кәсіпорынның интернет ресурсында жариялануында уақытында жарияламау және жарияламау түріндегі кемшіліктер бар екендігі анықталды.

          

23 тамыз 2023 жыл

 

      

 

«Индер аудандық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа ала отырып үстіміздегі жылдың тамыз айының 10-31 күндері (персоналды басқару қызметі, мемлекеттік сатып алу қызметі) 2023 жылдың сегіз айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау басталғанын хабарлаймыз.

        Талдаумен қамылады: Мемлекеттік сатып алу жоспарының уақытылы және толық орындалуына талдау жасау; Бос жұмыс орындарын жариялауда және жұмысқа қабылдау барысында заңнамалардың, талаптарының сақталуына  талдау, мониторинг жасау; Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу, талдау жасау және т.б.

14 тамыз 2023 жыл

 

«Индер аудандық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа ала отырып үстіміздегі жылдың тамыз айының 10-31 күндері (персоналды басқару қызметі, мемлекеттік сатып алу қызметі) 2023 жылдың сегіз айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

 

        Талдаумен қамылады: Мемлекеттік сатып алу жоспарының уақытылы және толық орындалуына талдау жасау; Бос жұмыс орындарын жариялауда және жұмысқа қабылдау барысында заңнамалардың, талаптарының сақталуына  талдау, мониторинг жасау; Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу, талдау жасау және т.б.

24 шілде 2023 года