Индер аудандық орталық емхананың акт залында 27.02.2015 жылы сағат 15-00-де «Ғасыр дерті» тақырыбында дәрігер эндокринолог Рахманбергенова Асель Жарылкасыновна денсаулық мектебін өткізді. Қатысқандар: Бас дәрігердің орынбасары Қаражанова К.Қ, участкелік меңгерушісі Салық. Г.Ж , Психитар дәрігері Бакенова Х.Х және де басқада орта буын қызметкерлері мен қант диабетімен есепте тұрған науқастар қатысты. Қант диабеті дегеніміз не? Қант диабетіне әкелетін себептер және пайда болатын белгілері қандай деген сұрақтардың жауабы талқыланып, қазіргі таңда қант диабетінің белең алып бара жатқаны және балалар арасында кең таралып жатқаны туралы оқылып, слайдтар көрсетілді. Диспансерлік есепте тұрған науқастардың пікірі тыңдалып ой пікілер алмасты. Оқылған әр түрлі мәліметтерден кейін науқастарға қорытынды тестілеу өткізілді.
Аудандық орталық аурухана әкмішілігі
Жүктеп алу:
Емі мен инсулин енгізу тәсілдері