Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Государственные услуги

2016-05-24 12:14:44

Аудандық   емдеу  сауықтыру  мекемелерінде  «Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау және  әлеуметтік  даму министрінің  2015 жылғы  27 сәуірдегі № 272 Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер стандарттарын бекіту туралы»  бұйрығына  сәйкес  денсаулық  сақтау саласы  бойынша   мемлекеттік көрсетілетін 10  қызмет  түрі бар, атап айтқанда :                                                                                                                  Дәрігерді   үйге шақырту.

  • Дәрігердің  қабылдауына  жазылу.                                                                                        
  • Медициналық   -санитариалық  алғашқы  көмек  көрсететін  медициналық ұйымға бекіту.
  • АИТВ  инфекциясының  болуына ерікті анонимді  және  міндетті құпия  медициналық тексеру.
  • Психоневрологиялық  ұйымнан анықтама беру.
  • Наркологиялық  ұйымнан анықтама беру.
  • Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру.
  • Медициналық  -санитариялық алғашқы көмек көрсететін  медициналық ұйымнан  анықтама  беру.
  • Медициналық  -санитариялық алғашқы көмек көрсететін  медициналық ұйымнан    еңбекке уақытша жарамсыздық парағын  беру.
  • Медициналық  -санитариялық алғашқы көмек көрсететін  медициналық ұйымнан    еңбекке уақытша жарамсыздық  анықтамасын беру.   

«Дәрігерді   үйге шақырту» және «Дәрігердің  қабылдауына  жазылу»  мемлекеттік қызметтеріне емхананың 1 қабатындағы тіркеу орнына (регистратура) тікелей келіп  немесе  7-90-47, 7-90-48,  7-90-49 телефондарына қонырау шалу  арқылы  қабылданады. Тіркеу орнының  қызметкері үйге шақырту   журналына  немесе дәрігердің  қабылдауына  жазылу  журналына  тіркеп, шақыртуды учаскелік  дәрігерге  хабарлайды. Үйге шақыртуға учаскелік дәрігер  сол  кұні қабылдаудан  бос  уақытында барады. Дәрігердің қабылдауына  жазылғанда  дәрігердің  бос  күнін , уақытын көрсете отырып, Сіз қалаған күнге  және уақытқа тіркейді. Тіркелген  күні тіркеу орнынан дәрігерге  талон  алып, талонда  көрсетілген  уақытта  қабылдауға  кіресіз.  Емхананың  тіркеу орны дүйсенбі-жұма аралығында үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс жасайды. Дәрігерді  үйге шақырту жұмыс  аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады   (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін) .                                                                                                Сонымен  қатар дәрігерді   үйге шақырту және дәрігердің  қабылдауына жазылуды  Индер аудандық орталық ауруханасының  inder-crb.kz веб сайты  арқылы жасауға болады. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.                                                               

Алғашқы  медициналық   -санитариалық  көмек көрсететін  медициналық ұйымға бекіту  жылына 1 рет жүргізіледі. Тұрғылықты аудан халқы медициналық  қызмет алу үшін аудандық емханаға бекітілді.  Егерде ауданға басқа  жақтан қоңыс аударып немесе уақытша тұруға келгендер болса, медициналық қызмет алу үшін емхананың 1 қабатында орналасқан  тіркеу орнына (регистратура) тікелей келіп немесе  7-90-47, 7-90-48,  7-90-49  байланыс телефондарына  қонырау шалып   немесе  inder-crb.kz  веб сайты арқылы аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің  атына еркін түрде  тіркелуге арыз жазып және төлқұжат  (баланың туу туралы куәлік) көшірмесімен  тіркелген халық тіркелім  порталына   енгізіліп емханаға бекітіледі.                             Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
 

АИТВ  инфекциясының  болуына ерікті анонимді  және міндетті құпия  медициналық тексеру  Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін, ал шетелдіктер  мен азаматтығы жоқ адамдарға ақылы көрсетіледі.   АИТВ инфекциясына  ерікті түрде, анонимдік немесе құпия түрінде тексерілуге болады. Тексерү үшін төлқұжатпен  емханадағы психоәлеуметтік  кеңес  беру бөлмесінің   маманы  тестілеуге дейінгі кеңес беруді  жүргізіп егу бөлмесінің  медбикесіне  көк тамырдан қан алуға  жолдайды. Алынған қан облыстық ЖИТС орталығына жіберіліп, зертханалық тексеру қорытындысың теріс нәтижесін растайтын облыстық зертхананың мөрімен маманның қолы қойылған аңықтама-сертификаты беріледі. Тексеруге қан емхананың егу  бөлмесінде  дүйсенбі- жұма күндері  сағат 08.00 -ден  20.00-ге дейін, сенбі-жексенбі  күндері 09.00-12.00дейін  алынады.                                                

  Психоневрологиялық  және  наркологиялық  ұйымнан анықтама беру  ақылы негізде  көрсетіледі.   Психиатр  немесе   наркологтың   диспансерлік  есебінде тұрғаны/тұрмағаны  туралы  анықтаманы    алу үшін   төлқұжатпен тіркеу  орнындағы тіркеушіге  тіркеліп,  емхана кассасына қолма- қол  ақысы төленеді. Тіркеуші қызмет алушыны есепте тұрған/тұрмағаңың база данныхтан қарап, аңықтама толтырып  психиатр – нарколог дәрігеріне  қол  қойдыртып қызмет алушыға береді.
Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру  стационарлық  ем аяқталған күні  шығарған сәттен бастап 30 минут ішінде  ординатор дәрігер қол қойылған, жеке дәрігердің және аурухананың  мөрімен расталған   медициналық картадан жазылып берілетін үзінді. Мемлекеттік қызмет  дүйсенбіден жұманы қосқанда  үзіліссіз 8.00-ден бастап 17.00-ге дейін  тегін  беріледі.       

 Медициналық  -санитариялық алғашқы көмек көрсететін  медициналық ұйымнан    еңбекке уақытша жарамсыздық парағын  және  еңбекке уақытша жарамсыздық  анықтамасын беру қызметтері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік  даму министрінің 2015жылғы 31 наурыздағы №183 Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша бұйрығы негізінде жүргізіледі. Науқас  қараған  дәрігермен  еңбекке жарамсыз деп таңылса, төлқұжат  негізінде  тіркеу орнынан  еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жазылып  емдеуші дәрігердін  қолы қойылып  беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы  тіркеу орнында дүйсенбі- жұма  аралығында  үзіліссіз 8.00-ден 20.00-ге дейін  тегін  жазылады.    

Медициналық  -санитариялық алғашқы көмек көрсететін  медициналық ұйымнан  анықтама  учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігерімен беріледі. Қызмет дүйсенбі- жұма  аралығында  үзіліссіз 8.00-ден 20.00-ге дейін  тегін көрсетіледі                                                                                                               Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Индер кенті, Оңдасынов тұйық 3 а -үй, аудандық орталық аурухана  бас дәрігердің  атына беріледі. Шағым тіркелген күнінен бастап бес жұмыс  күні ішінде қаралуға жатады.      

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға  шағыммен жүгіне алады.

 Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен сотқа жүгінуге  құқылы.

 Мемлекеттік  қызмет көрсету  мәселесі жөніндегі ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 7-90-41, 3-00-95. Электронды почта : inder_crb@mail. ru