Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылғы 24 шілдедегі №497 бұйрығы негізінде «Бүкіләлемдік және Ұлттық емшекпен емізу» апталығы Индер аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімшесінде өткізілді. Аудан көлеміндегі емдеу сауықтыру мекемелерінде «Өткенді түсіну – болашақты жоспарлау!» ұранмен апталық өткізу ұйымдастырылды. Осы апталыққа аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері мен мейргерлер қатысты. Қатысқан қызметкерлер саны 34.
2015 жылдың 5 шілде күні «Ашық есік» күніне орай, «Емізу жай сүт бергеннен де пайдалы!» ұранмен аудандық емханада жас, жүктілік кезеңдегі болашақ аналар, бала емізіп жүргендер және репродуктивті жастағылар, барлығы-269 әйелдер қабылданды. Барлык емдеу сауықтыру мекемелерінің тұрғындарына 5-түрлі тақырыптарда бетше-буклеттер таратылды. Аудандық «Дендер» үн қағазына «Сәбидің алғашқы айларда тамақтануы» тақырыбына мақала жарияланды.
Аудандық аурухана әкімшілігі