Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Мұраты биік мәңгілік ел халқының денсаулығын сақтау мемлекеттің басты даму бағытының бірі екені даусыз. Әсіресе, саламатты қазақстанды қалыптастыруда медицина саласында іргелі істер атқарылуда. Оның жарқын көрінісін ауданнан да көруге болады.

2015-06-19 10:00:00

DSCN3357.JPG
DSCN3377.JPG
DSCN3396.JPG

Ел Президентінің  «Қазақстан – 2050»  Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері-Әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік тармағында, «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» деп атап көрсетіп, ана мен баланы қорғау, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі көрсетілген. Денсаулық саласында «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі», «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасы қолға алынды. Оның басты  басымдығы-Қазақстандықтардың жеке және қоғамдық денсаулығын жақсартуды сапалық жаңа деңгейге көтеру.

Бүгінгі күні адамның денсаулығын жақсарту  мен сақтау көптеген себептерге  қатысты және солардың бәрін кешенді түрде  шешкенде  ғана жүзеге асады. Жалпыұлттық  жаңа бағдарлама заңдық инвестициялық, құрылымдық және экономикалық  тетіктермен бекітілген. Сектораралық және ведомоствоаралық өзара іс-қимыл қарастырылған. Бағдарламада профилактикалық     шараларды іске асыру қарастырылып, ауруды емдегеннен гөрі, алдын алу жөн деген қағидаты  қарастырылып, әлеуметтік маңызы бар сырқаттарды  ерте бастан анықтауды мақсат еткен Ұлттық скринингтік байқау жүргізіліп келеді. Ауылдағы медициналық көмекті жақсарту мәселесі де  бағдарламадан тыс  қалмаған. Бұл бағытта аудан көлемінде бағдарламаны жүзеге асыруда медицина қызметкерлері аянбай еңбек етіп келеді. Жалпы мемлекеттік сипат  алған Бірыңғай  Ұлттық денсаулық сақтау  жүйесінің өзіндік  ерекшеліктері бар екенін уақыттың өзі дәлелдеді. 

Бүгінгі күнде «Ауруханаға жатқызу порталы» арқылы  бұл қиындықтардың бәрі артта қалды деп айтуға болады. Науқас өзі таңдаған ауруханасына, таңдаған күні барып жата алады және Республикалық клиникаларда емделуге, облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен Республикалық клиникаларға барып, емделуге квоталар  бөлініп келеді.

Медицина саласының негізгі бағыты-ана мен баланы сауықтыру. Перинаталды көмекті күшейту және 1 жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуінің алдын алу бағытында аудан бойынша 165 микроучаскелері құрылды. Перзентханада «фетальный монитор» аппараты, нәрестелердің  есту мүшесінің ақауын ерте анықтауға  арналған аудиометр аппараттарымен  жұмыс істелуде.      

Жүкті аналарға перинатальды көмекті  күшейту, нәрестелік шетінеуді  және жүрек-қан тамырлар ауруының алдын-алу бағытында орталық ауруханада «Қауіпсіз ана», «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» технологиясы енгізіліп, неврологиялық, кардиологиялық, травматологиялық,  оңалту кереуеттері жұмыс атқаруда.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы негізінде  аудан көлемінде бағдарламаның іс-қимыл  жоспары жасақталып, ауданның нысаналы индикаторлары айқындалды. Индер аудандық орталық ауруханасында тіркелген тұрғын саны-30754, оның ішінде балалар-9436,  ұрпақты болу жасындағы  әйелдер саны-7735. Ауданда 3 тәуліктік аурухана, 1 өкпе ауруларына қарсы диспансері, 1 гинекологиялық және 4 стоматологиялық жеке  кабинеттер,  53 дәрігер, 199 ембике қызмет атқарады. Нәрестелік шетінеу көрсеткіші 1000 жаңа туылғанға шаққанда  2014 жылдың 5 айында 18,1 (5 абс.сан) промиль болса, 2015 жылдың 5 айында 11,1 (3 абс.сан) промиль құрап 7,0 промиль көрсеткішке төмендеді. Жалпы туу көрсеткіші 2014 жылдың 5 айында-9,0 (280 абс.сан)  промиль, 2015 жылдың 5 айында-8,8 (270 абс.сан) промиль боп отыр.

Аудан бойынша  медициналық қызмет көрсететін мекемелер саны – 25, оның ішінде жеке меншік қызмет көрсететіндер саны-6, аудан бойынша – 60 дәрігер,  202 ембике, 162 басқа да қызметкерлер бар.

Ауданға жүрек УЗИ аппараты, Сипап аппараты, Тридмиль  жүрек аппараты, өкпе, кеуде безі қатерлі ісігін ерте анықтау бағытында  маммографиялық, флюорографиялық  қондырғылар  алынды. Әлі де денсаулық саласының материалдық-техникалық базасын нығайту барысында,  аудан орталығынан шалғай орналасқан  Жарсуат  елді мекенінде  өткен жылдың  қаңтар айында типтік жобада салынған дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, бүгінгі күнде  жас дәрігер маманға тұрғын  үй салынуда. Бөдене елді мекенінде типтік жобадағы фельдшерлік акушерлік  пункт ғимараты салынуда. Осы елді мекендердегі  дәрігерлік амбулаторияларды және тұрғын үйлерді  дәрігер мамандармен қамту мәселесі үстіміздегі  жылы  Ақтөбе медицина университетін селолық квота бойынша оқуын аяқтайтын жергілікті  түлектер  «Дипломмен  ауылға» бағдарламасымен  ауылға  келгенде шешіледі деген үміт бар. Сөз орайында айта кетейін, соңғы  3 жылда аудандық аурухана медициналық жоғарғы оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасап, келісім-шарт негізінде  жылда дәрігерлер қатары жас мамандармен толықтырылып отыр.  Ауданға  2014 жылы 3 маман дәрігер, 4 ембике  келіп, өз білімдерін көрсете білді. Аудан әкімшілігі жас мамандарды әлеуметтік қолдау бағытында көтермеақымен,  тұрғын үймен қамтамасыз етіп қолдау білдіруде. Биылғы жылға жоғарғы медициналық оқу орындарынан  3 дәрігер  маман  ауданға шақыртылып отыр.    

Индербор кентінде 1 айналымда 100 келушіге арналған типтік жобадағы емхананың құрылысы жүргізіліп, биыл тамыз  айында тапсырылуы жоспарлануда.  Ауданға демеушілік көмекпен 30 480,0 млн. теңгеге  2014 жылы  тамыз  айында  АО «KAZMED» ЖШС-сі мекемесінен 2 газель автокөлігі сатып алынды.

Ауданның  медицина саласында білікті дәрігерлер еңбек етіп, 1960-1970 жылдары медицина саласы жергілікті дәрігер мамандармен толығып, әрі қарай өркендеуіне үлес қосқан Ш.Амиров, Л.Марданов, Қ.Иманғазиев, С.Абулхайров, Қ.Сапаров, Ж.Ермұханов, Б.Қонысова, А.Аймұратов, С.Имангалиев,  Қ.Карабалинаны  еске алсақ, осы саланың әрі қарай жаңдануына үлес қосқан Ғ.Есқали, С.Сидағалиев, Ш.Мұхамедьяр, Т.Аманова, З.Саргелекова, Т.Каналин, С.Кыдыр, Е.Сабиров, М.Орақов, З.Қаражанова, Ж.Құсайынова, Т.Күсебалин, Н.Ешмұханбетовтердің есімдерін құрметпен атаймыз. Ал бүгінгі таңда осы сапта келе жатқан әріптестеріміз  Р.Бекесова, Г.Заитова, К.Сапиев, Б.Балахметова, Г.Сапагулова, А.Ермұханов, Э.Габсаламова, Қ.Мангитова, А.Шмиргалиева, А.Бахитованы, С.Ахметова, А.Ермұханова, Б.Максутова, Б.Демешова, Н.Құспангалиева,    Л.Ағырысованы атасақ, тұрғындарға амбулаториялық-емханалық   көмек көрсетуде еңбек етіп жүрген  К.Қаражанова, Р.Төлегенова, Г.Салық, Г.Есқалиева, А.Ермеккалиева, Б.Кансұлтанов,  Т.Камалова, Г.Мажитова, Д.Сисенгалиева, Г.Дүйсебаева, З.Әзірбаева, А.Ибрашева, Н.Таспаева, Ғ.Қанатова, Т.Карабалина, Н.Құрметова қашанда елгезектігімен танылып тұрады. Дәрігердің бірінші беретін көмегі- жылы сөзі мен көзқарасы. Мұндай қасиеттер есімдері аталған немесе өзге де әріптестерімнің бойынан табылады.

Қорыта айтқанда, ауданның медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында, уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген барлық әріптестерімнің адам саулығының сақшысы болу жолындағы еңбектері ұлан-ғайыр. Олардың әрқайсысының дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін.

Анар Доспаева,

аудандық аурухананың бас дәрігері