Индер ауданы емдеу-сауықтыру мекемелерінің 2014 жылғы жұмыс қорытындысы және алға койылған міндеттер туралы Индер аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Доспаева Анаргул Хамидоллақызы есеп беріп, баяндама жасады. Есеп беру жиналысына Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Нұржігітов Түркпенбай Нұржігітұлы, Атырау облыстық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Сарсенова Нұртан Дүйсенбайқызы, Атырау облыстық наркологиялық диспансерінің бас дәрігері Индер ауданының кураторы Доскалиев Мендібай Қайроллаұлы және Индер ауданы әкімінің орынбасары Балахметов Әлифолла Хабиболлаұлы қатысты. Индер ауданық орталық ауруханасының 70 медицина қызметкерлері қатысып, өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар аудандық орталық ауруханасының кәсіподақ төрайымы К.Қаражанова Енбек қатынастары бойынша және Әлеуметтік кепілдіктерді, еңбекті қорғау, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету бағытында кәсіподақтың атқарылған жұмыстары бойынша және аудандық өкпе аурулар диспансерінің бас дәрігері Т.Каналин Индер ауданында 2014 жылы туберкулезге қарсы жүргізілген шараларының барысы туралы баяндама жасады. Есеп беру жиналысы соңында Т.Нұржігітов, Н.Сарсенова, М.Доcқалиев, Ә.Балахметов сөз сөйлеп, денсаулық сақтау саласының жұмысын алға қарай жандандыру бағытында бірігіп, жұмыс жасауға шақырды.
Ауданның емдеу сауықтыру мекемелерінің медицина қызметкерлері алдағы жылға қойылған міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы -2050 : Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы медицина саласына қойылған міндеттерді орындау;
- Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу.
- Ана мен бала өлімінің алдын-алу бағытындағы жұмыстарды күшейту. Жүкті әйелдерге шұғыл көмек алгоритмі,балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу әдісін, қанайналым алгоритмдерінің қолданысын дамыту. Жүкті әйелдерге көмекті өңірлендіру қатаң сақтау.Бала босану жасындағы әйелдердің профилактикалық тексеруден өткізіп, сауықтаруға күндізгі және тәуліктік ауруханада емдеу.
- «Кезексіз емхана» жүйесін, электронды медицина жүйесін жетілдіру.
- Туберкулез аурушаңдығын азайту мақсатында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыс күшейту.
- Маман қажеттілігі мәселесін шешуде мамандарды әлеуметтік қолдау бағытында жергілікті әкімшілікпен бірлескен жұмыс атқару.
- Аурахананың керуеттерін оңтайландыру жұмысы
Аудандық орталық аурухана әкімшілігі