Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Индер аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай «Дәрігерлер мен медбикелердің ұраны-сергек, көңілді, дені сау» ұранымен спартакиада өткізілді.

2015-06-11 10:00:00

image-12-06-15-04-23.jpeg
image-12-06-15-04-23-14.jpeg
image-12-06-15-04-23-12.jpeg
image-12-06-15-04-23-18.jpeg
image-12-06-15-04-23-21.jpeg
image-12-06-15-04-23-23.jpeg
image-12-06-15-04-23-27.jpeg
image-12-06-15-04-23-32.jpeg
image-12-06-15-04-23-34.jpeg

Индер аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен  Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай «Дәрігерлер мен медбикелердің ұраны-сергек, көңілді, дені сау» ұранымен ардақты дәрігер, Денсаулық сақтау саласының Үздігі  Сағынгерей  Мұхамедиярұлы Абулхаировты еске алу құрметіне арналған спартакиада  өткізілді.  Осы шараға  қатынасқалы отырған медицина қызметкерлерінен құралған командалар:

  1. Аурухана  командасы
  2. Емхана командасы
  3. Жарсуат ДА командасы
  4. Бөдене ДА командасы
  5. Елтай ДА командасы
  6. Есбол ДА командасы
  7. Өрлік ДА командасы
  8. Көктоғай ДА командасы

Құттықтау сөз Индер ауданы  әкімінің орынбасары  А.Балахметовке  берілді.              

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп  айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да саралап  көрсетті. Ал осы бағыттарды жүзеге асыратын бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі. Спортқа белсенді жастар – болашағымыздың алтын тірегі болмақ.    

Келесі Құттықтау сөз аудандық орталық  аурухана бас дәрігері Доспаева Анар Хамидоллақызы және  ауданымыздың ардагер дәрігері Мұхамедиярова Шолпан Каденқызына сөз беріліп, шараға қатысып отырған барлық медицина қызметкерлеріне сәттіліктер  тіледі.

Халқымыздың  «Бірінші байлық - денсаулық»,  «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынғаны белгілі. Біздің ата- бабаларымыз  денсаулықтың қадірі мен маңыздылығын айрықша ұғынып,  барлық игіліктен жоғары санаған.  

Сөз кезегі ардақты дәрігер, Денсаулық сақтау саласының Үздігі  Сағынгерей  Мұхамедиярұлы Абулхаировтың жұбайы ардагер дәрігер Мария Ниязқызына берілді.

Сайыстың қорытынды кезеңі марапаттау сәтіде келіп жетті.Спартакиадаға қатысушылар медицина қызметкерлерін  марапаттау үшін сөз кезегі әділ-қазылар алқасына берілді. Спартакиада сайысында  I орынды жеңіп алған Индер аудандық емханасы,  II орын  Индер аудандық орталық ауруханасы,  III орын Елтай дәрігерлік амбулаториясы,  ал  қалған  қатысушы командалар   Дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Аудандық  аурухана әкімшілігі