Ел деп еміреніп, тегім деп тебіреніп, ұрпақтар сабақтастығын тамырымен бойлай сезініп, жанкешті де мәртебелі қызметтің тегеурінді тізгінінде жүрген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы ойлай қалсақ ерекше толғаныс толқынында қаламыз. Менің көз алдыма ғасырымыздың ғажайып адамы Абылай ханның ақбурыл тұлпарын мініп алып, Алтайдан Азғырға дейін созылып жатқан шалқар қазақ даласын кезіп, барлық қандас жұртымыздың игілікті жұмысы мен тұрмысын көзімен көріп, бағыт – бағдар беріп жүргендей болады. Бұл баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау күні, халық бірлігі мен келісім күні. Мереке Қазақстан халқының өзінің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жоғары сенімінің, терең қадір-құрметінің жарқын көрінісі болып табылады.
Атырау облысы әкімі аппараты басшысымен 2014 жылға бекітілген іс-шаралар өткізу туралы Жоспардың 111 тармағына негізделе отырып, Индер аудандық орталық ауруханасында 2014 жылдың қараша айының 27 -28 аралығында пациенттерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірбаяны мен еңбек жолы жөнінде бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар орталық емханада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай шара ұйымдастырылып, Алғыс хатпен марапатлған 1 зейнеткер, 50 жас мерейтоймен 1 қызметкер және бағалы сыйлықпен 2 дәрігер, 3 мейірбике марапаталды.
Қымбатты әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақыт, игілік табыс және сүйікті Отанымыз — Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін деп Индер аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Доспаева қорытындылады.
Аудандық аурухана әкімшілігі