Биыл елімізде тұңғыш рет «Еңбек күні» мерекесі аталып өтілуіне байланысты, 2013 жылдың 22 қарашасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі аталып өтетін «Еңбек күні» мерекесі енгізілген болатын. Аталған мерекенің басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады. Алғаш рет атап өткізілгелі жатқан «Еңбек күні» мерекесі күні әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыратын спорттық, шығармашылық байқаулар және еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, Еңбек ардагерлерін марапаттау көзделіп отыр. Осыған орай Индер аудандық орталық аурухананың емхана бөлімшесінде Еңбек күніне орай медицина қызметкерлеріне және сала зейнеткерлеріне арналған шара ұйымдастырылды. Өткізілген шарада денсаулық саласына қосқан елеулі еңбектері үшін - 10 қызметкер, 40 жылдан астам жұмыс жасайтын – 3 қызметкер, зейнеткерлік жасқа шыққан 3 және 50 жас мерейтой 4 қызметкерлер мараппаталып, сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар биылғы жылы Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында келген 2 жас маман дәрігерлерге ақ халаттарын табыс етті.
Ауданымызда бүгінгі күнде 50 дәрігер, 191 ембике, 57 кіші буын қызметкері, 97 басқа да қызметкерлер қызмет атқарады. Дәрігерлердің 3-жоғары санатты, 9- І санатты, ІІ санатты – жоқ. Ембикелердің 37-жоғары санатты, 21-І санатты, 25-ІІ санатты. 6 жас маман орта буын қызметкері жұмысқа орналасты.
Еңбек өтілі 40 жылдан асқан 1 дәрігер, 2 ембике бар, 5 кіші буын қызметкері, 3 қызметкер бар.
Еңбек өтілі 30 жылдан асқан 17 дәрігер, 55 ембике бар, 18 кіші буын қызметкері, 8 қызметкер бар.
Еңбек өтілі 20 жылдан асқан 8 дәрігер, 52 ембике бар, 37 кіші буын қызметкері, 26 қызметкер бар.
Аудандық аурухана әкімшілігі