Индер аудандық ардагерлер алқасында «Тұмаудың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар Индер кенті ардагерлері. Дөңгелек үстелде Тұмау-тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Қазіргі таңда бір- бірінен антигендік спектрмен айрықша болатын өте көп тұмау вирусы анықталған . Тұмау ересек адамдар үшін қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша егде жастағы адамдар өлімінің 6-пайызы тұмау қасіретінен болады. Екпе өзіңізді және балаларыңызды тұмаудан сақтайды. Аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде, деген мақал босқа айтылмаған. 2014 жылдың қазан айынан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізіліп жатыр, әр жанұя ересектер емханадан екпе алуға шақырады. Тұмау әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Аурудың алдын алу- бұл екпе алу, келіңіздер, күтеміз деп Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Индер аудандық филиалының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері К.Ермуханова қорытындылады.
Аудандық аурухана әкімшілігі