Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Жасампаз істер жалғасады

2015-04-29 11:00:00

1.jpg
2.jpg

Президент сайлауы өтіп, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен Президенті ұлықтау  рәсіміне қатынастым. Әсерім өте жоғары болды. Еліміздің маңдайлы тұлғаларымен қатар қарапайым еңбек адамдары  бас қосқан ұлықтау рәсімінде Ұлт Көшбасшысы Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқының алдында  ант берді. Ант беру рәсімінен соң Елбасы сөз тізгінің қолына алып тебірене тіл  қатты.

Бүгінгі  мерейлі сәтте маған берілген сенім мандаты,  мемлекетімізді нығайту жолындағы қыруар істеріміздің бағасы. Қазақстандағы ең қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген  халқымның ақ батасы. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы  мен «Қазақстан-2050» стратегиясына, «Нұрлы жол»  бағдарламасы  мен 5 халықтық реформаға елімнің білдерген қолдауы. Өмірін халқының бақытты  жолына арналған  жанға бұдан  зор құрмет болмас, - дегенде ұлықтау рәсіміне  қатысушылар ду қол шапалақпен қошемет  білдірді. Одан кейін Елбасымыз Қазақстан Қарулы Күштерінің  әскери  шеруіне  қатынасты. Ал біз  сарайдың  ішіндегі  арнайы қойылған  экран арқылы  тікелей тамашаладық.

Жалпы алғанда бұл сапар  менің алда атқаратын  жұмысыма, ең бастысы елімді сүюдегі жауапкершілігімді тереңдетті.  Астанадан өте әсерлі оралдым. Ал облыс  бойынша 100-ге жуық делегация болса, соның 4-уі медицина саласының қызметкерлері  болды. Біз Елбасының  баянды бастамаларын қолдап, еліміздің өркендеуі  жолында  өз үлесімізді қоса беретін боламыз. 

Анар Доспаева,

аудандық аурухананың бас дәрігері,

аудандық мәслихат депутаты