Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші

2015-04-23 17:00:00

P1900913.JPG
P1900918.JPG
P1900914.JPG
P1900920.JPG
P1900921.JPG
P1900927.JPG
P1900931.JPG
P1900932.JPG
P1900934.JPG
P1900936.JPG
P1900942.JPG
P1900949.JPG
P1900944.JPG
P1900950.JPG
P1900954.JPG
P1900962.JPG
P1900965.JPG
P1900970.JPG
P1900973.JPG
P1900975.JPG
P1900978.JPG
P1900980.JPG
P1900982.JPG
P1900987.JPG
P1900989.JPG
P1900988.JPG
P1900991.JPG
P1900995.JPG

Үстіміздегі жыл елдің рухын асқақтатып қана қоймай, әлем алдындағы мәртебесін өсіруге тағы бір мүмкіндік беретін айтулы әрі тарихи жыл екені әмбеге аян. Оның аясында ұйымдастырылып жатқан шаралар мен басқосуларда есеп жоқ. «Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші» атты көркемөнерпаздар байқауы өз жалғасын тапты. «Борат» мәдениет үйінде өткен осынау фестивальдің жалғасын Индер аудандық орталық ауруханасының  ұжымы жалғастырды

Медицина қызметкерлер қауымының өзара шығармашылық байланыс орнату арқылы өмірге келген құнды жәдігерлер көп назарына ұсынылды. Аудан әкімінің орынбасары, сарапшылар алқасының төрағасы Әлифолла Балахметов бастаған арнайы топпен бірге көрермен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Әсіресе мұнда сурет жанрына кеңінен орын берілген. Аудандық орталық аурухана ұжымының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ерлік жыры- елдіктің ескерткіші» атты көркемөнерпаздардың фестиваль-байқауы  2015 жылдың 23 сәуір күні өтті.  Концерт басталмастан  бұрын сахнада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрініс дайындалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ғасырлар қойнауындағы көне тарихты кең көлемде жаңғыртуы,  ұлттық рухымызды ерекше көтерген тағылымды бастама болды.Төрт ғасырға созылған қазақ хандығының  шежіресінде  жиырмадан астам хан билік құрыпты. Ел тағдырын қолға алған бұл тарихи тұлғалардың толайым тағдырлары да сан қилы, билік құрудағы қабілеттері де әр деңгейде болды. Бірақ олардың бәріне тән ортақ тамаша қасиет бар. Олар заманындағы хиындыққа қарамастан, хандық туын жықпауға тырысты. Ел билеген хандардың өзіде  от ауызды, орақ тілді сұлтандармен кеңесіп отырған. Әлем тарихында қанды әріптермен жазылған екнші дүниежүзілік соғыста соғыс өрті 40 мемлекеттің жерін шарпыса, 110 миллион адам солдат шинелін киді. Ел басына күн туған осынау қиын- қыстау кезеңде біздің жауынгер-леріміз бейбітте, бақытты болашақ үшін күресті. Көпшілігінің есімі ерлік шежіресі ретінде бүгінгі күнге жетті. Кеңес Одеғының батыры  Боран Нсынбаев, Иван Березиндер, майданда ерлікпен қаза тапса,  коптеген майдангерлеріміз жауды жеңіп елге аман-есен оралды. Батырлар ерлігі ұрпаққа үлгі.  Талай нәубет көріп, мың өліп, мың тірілген аға ұрпаққа Ұлы Отан соғысы да нардың белін майыстаратын тауқымет арқалатты. Елдегі бас көтерер азаматтармен қатар қыз- келіншектерде майданға аттанды. Жаудың бораған  оғының астында жараланған жауынгерлерге жанұшыра  көмек көрсетіп, талай жауынгерлерді өлім аузынан аман  алып қалған  ақ халатты абзал жандар ерлігі де ұрпаққа үлгі.  Олардың  ерліктері де ешқшан ұмытылмайды.

Биылғы жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жылдығы, халқымыздың батырлығы мен батылдығының, ерік – жігері мен рухының символына айналған Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланатын  дүбірлі жыл, еліміздің Конститутциясыына 20 жыл толатын мерейлі жыл және айрықша мереке - Қазақ  хандығының 550 жылдығы.

Ел тағдыры сынға түскен уақытта   сол бір ауыр жылдарда жалындаған жастық жігермен, елін, жерін қорғау үшін қан майданның ортасында жандарын құрбан еткен боздақтар мәңгі ұмытылмайды. «Ана туралы баллада» әнін  орындаған  Ынтымақ МП фельдшері   Заря Қаржауова. Шыңғыс Айтматов  «Ана жерана» повестьтінен  үзіндісін Х.Шаханова оқыды.

Мемлекеттің басты құндылығы бейбітшілік, келісім мен ұлттық бірлік болып табылады.Елді мекен ететін, барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіретін саяси тұрақтылықтың басты элементі-бұл Қазақстан Халықтары Ассамблеясына орай, Әр ұлттың билерін медицина қызметкерелері биледі.  Қыздар ансамблі «Шығыстың қос жұлдызы» музыкалық сәлеммен шықса, домбыра  өлеңмен Р.Хаятова ән шырқады.  Талай нәубет көріп, мың өліп, мың тірілген аға ұрпаққа Ұлы Отан соғысы да нардың белін майыстаратын тауқымет арқалатты. Елдегі бас көтерер азаматтармен қатар қыз- келіншектерде майданға аттанды. Жаудың бораған  оғының астында жараланған жауынгерлерге жанұшыра  көмек көрсетіп, талай жауынгерлерді өлім аузынан аман  алып қалған  ақ халатты абзал жандар ерлігі де ұрпаққа үлгі.  Олардың  ерліктері де ешқшан ұмытылмайды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған көрініс (дәрігерлер туралы) дайындалды.

Хор ұжымының орындауындағы «Қайталанбасын қасірет» және «Отан» әндері де әуелеп сахнаның шырайын келтірді. Көрермендерге  әсерлі кеш сыйлады.

Аудандық аурухана ұжымы