Аудандық «Нұр Отан» халықтық партиясының ғимаратында 2014 жылы 16 қазан күні «Дін және қоғам» атты дөңгелек үстел өтіп, Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Индер аудандық филиалының СӨСҚ дәрігері Ермуханова К.Р. өз ой- пікірін ортаға салды: Менің түсінумше дін-имандылық, тәрбие отбасынан басталуы керек, біз совет үкіметі кезінде білім алдық, ата-анамыз жақсы болыңдар, үлкеннің алдынан өтпеңдер, қатты күлмеңдер, ер адамға қарап ежіреймеңдер, деп үйретті. Мектеп қабырғасында тәртіп қатаң болды , егер кинода сүйісетін жерлері болса, ол киноға балалар жібермейтін. Бүгінгі күнде заман жақсы болғанмен қыз бала да ер балада тәртіптері төмен, көшеде ұлдар жаман сөз айтып, жеңіл жүріс, ерте жүктілікке барып жатыр. Қоғам болып, мектептерде, Жас Отан жастар қанаты болып жасөспірімдермен, жастармен көп кездесулер өткізу керек екенін түсіндірілді.
Индер аудандық орталық аурухана әкмішілігі