Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 ҚР ДСМ 2013 жылғы 12 ақпандағы №73 «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын, Атырау облыстық денсаулық басқармасының 2014 жылғы 17 ақпандағы №81 бұйрығы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде, Денсаулық сақтау басқармасының 2014 жылғы 19 тамыздағы №650 «Денсаулық фестивалін өткізу туралы» бұйрығына сәйкес денсаулық фестивалі өткізілді.
«Белсенді өмір-жүз жастық ұзақ ғұмыр» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2014» жылғы 6 қыркүйекте сағат 09.30-де ауданның барлық Индербор кенті, ауылдық және селолық округтерінде өткізілсін. Фестивальді ұйымдастыру комиссиясының құрамы бекітілді. 2014 жылдың 6 қыркүйегінде «Белсенді өмір- жүз жастық ұзақ ғұмыр» ұранымен кең ауқымды «Денсаулық фестивалі-2014» акциясы өтетін күні , Облыстық телевидение түсірілді және округтерде өткізілді. Акцияға аудан әкімшілігі, 57-мекемелер мен 4-мектеп, колледж студенттері және тұрғындар қатысты.Акция барысында жеңімпаздарға Атырау облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру басшылығы 36-грамоталар беріп, Аудандық орталық аурухана әкімшілігі ұранды баннерге жазғызып, 36-сыйлықтар алды және ақ түсті футболкалар алды. Спорттық шаралар үш түрінен өткізілді. Білек күші, кір тас көтеру және жүгіру. Индербор кентінде орталық алаңда «Денсаулық қалашығы» тұрғындарды қабылдап, кеңес беріп қан-қысымын өлшеп, холестерин мен қан құрамындағы қант мөлшерін анықтап, салмағын өлшеді. Аудан көлеміндегі Есбол, Елтай, Өрлик, Жарсуат, Бөдене, Көктоғай елдімекендерде акциялар өткізіліп , хабарлама тапсырылды.
Индер аудандық орталық аурухана ұжымы