Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Денсаулық - бәрінен қымбат байлық

2016-01-29 11:44:00

12705389_121474588238492_5595592864937124330_n.jpg
12717264_121474604905157_7447647339628041132_n.jpg

Биылғы жылдан бастап қолданысқа енген жаңа «Денсаулық» бағдарламасы  медициналық қызметтердің сапасы  мен қолжетімділігін арттыруға негізделген. Осы орайда аудан медициналық мекемелерінің жылды қорытындылыған жиыны аудандық ауруханада өтті. 

Жиында аудандық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева  аудан бойынша 13 дәрігер жетіспей отырғанын, сондықтан да медициналық жоғары оқу орындарында  білім алып жатқан ауданның  60 түлегімен байланыс орнатылғанын, бірақ көпшілігінің ауылға келгісі жоқтығын айтып өтті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстағы департамент басшысы Байтолла Газизов аудан бойынша департаментке түскен арыздар санының көбейіп отырғандығын, туберкулездің көбеюі алаңдаушылық туғызып отырғанын әңгімеледі. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық комитетінің төрағасы Нұртан Сәрсенова жаңа емханаға көрімдік ретінде оргтехника табыс етті.