Индер аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің 29.01.14 жыл №11 бұйрығына сәйкес ҚР Үкіметінің 12.01.2012 жыл №32 «Инфекциялық аурулардың (оба, тырысқақ) алдын алу бойынша санитарлық эпидемияға қарсы іс шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық- эпидемиялық талаптар» қаулысын басшылыққа алып, Индер аудандық орталық ауруханасының дәрігер – эпидемиологы С.Қ.Қыдыр «Аса қауыпті карантиндік инфекцияға қарсы күрес» тақырыбында аудан емдеу-сауықтыру мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға 16 дәрігер, 32 ембике мен фельдшерлер қатысты. Семинарда дәрігер - эпидемиолог С.Қ.Қыдыр ҚР Үкіметінің 12.01.2012 жыл №32 қаулысында көрсетілген аса қауіпті – карантинді инфекциялардың алдын алу бағытында жүргізілген шаралар, жалпы ұйымдастыру ережелері жөнінде кеңінен тусінік беріп, мультимедия әдісін пайдалана отырып дүние жүзі бойынша тіркелген оба, тырысқақ ауруының көрсеткіштерін,науқастарға көрсетілетін көмек түрлерімен және аурулардын таралу жолдарын таныстырып өтті.Семинар кезінде емхана бойынша обаға жасақталған I-Iiтиптегі костюмдерді кию, шешу тәртібі тексеріліп, қызметкерлердің білімі тексерілді.