Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Алкогольды шамадан тыс пайдаланудың профилактикасы тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2014-10-23 14:10:00

P1790101.JPG
P1790095.JPG

Аудандық сот мәжіліс залында 2014 жылдың 23 қазан күні сағат 15:00    Алкогольды шамадан тыс пайдаланудың профилактикасы тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар:  аудандық прокуратура, окург әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімі,  аудандық білім бөлімі, аудандық кітапхана, Жас отан жастар қанаты, Индер кенті бойынша әйелдер қоғамы төрайымы, Ардагерлер алқасы, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері  және  психиатр-нарколог дәрігері қатысты.

Атырау   облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  Индер аудандық филиалының Салауатты өмір салтын қалыптастыру  дәрігері К.Р.Ермуханова Қазақстан Республикасының  Президентінің  2010 жылғы 29 қарашадағы №1113  ҚР ДСМ  денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Жарлығына және  №106  Саламатты Қазақстан  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытында  Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2014 жылғы 14 қазандағы №789 бұйрығына сәйкес,  31 қазан «Ұлттық  алкогольден бас тарту күні» және аудан әкімінің 2013 жылғы 15 мамырдағы №172 қаулысымен  бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде «Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз қалудың және құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша» хабарлама жасады. Жедел-жәрдем арқылы алкогольді шамадан тыс қабылдаған адамдар саны, соның ішінде көлік жүргізушілері. Жол-көлік оқиғалары, жарақаттанғандар саны Аудандық ішкі істер бөлім учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенантты Руслан  Муратов ішкі істер бөлімінде  есепте тұратындар, олардың құқын қорғау және  Аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер жөніндегі полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Айнагул Мұқанбетқалиева  кәмелетке толмағандардың істері және аз қамтылған күнкөрісі  төмен отбасыларда тұратын  жасөспірімдердің тәртіп мәселелерін айтты. Аудан әкім орынбасары Ә.Х.Балахметов - Елбасымыз «Қазақстанның әулеметтік жаңғыртылуы» Жалпыға ортақ  еңбек қоғамына 20 қадам мақаласында қазақ елінің одан әрі дамуы мен гүлденуге жол көрсетіп отыр, ал мас болып көлік жүргізуге неге жол берілгенін айтты.

 Аудандық орталық аурухананың психиатр/нарколог дәрігері Х.Бакенова -Алкогольді шамадан тыс пайдаланудың өмірге зияны. Аудандық орталық ауруханасынан  емделгендері, шетінегендер саны алкогольды  шамадан тыс пайдаланудың аудан бойынша көрсеткіші. Аудан көлеміндегі, алкоголді шамадан тыс пайдаланудың өміріне зияны. Аудан бойынша наркологиялық   қызметі есебінде тұрған, әулеметтік көмекті және әулеметтік сауықтыруды қажет ететін, өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға әулеметтік көмек көрсету жұмыстары барысындағы қиындықтарын айтты.                              

Аудан прокуроры 1-сыныпты заңгер Абиров Руслан Сағынғалиевич. «Алкоголдік ішімдікті  шамадан тыс қолданудың алдын-алуға  байланысты заңдылықтар мен осы бағытта жасалатын жұмыстар» туралы аудан әкімінің қаулысы негізінде, учаскелік полиция инспекторлары кент, ауылдық, селолық округ әкімдерімен тығыз байланыста жұмыс жасауы, нашақорлық,  маскүнемдік, түрлі бағыттағы діни ағымдардан сақтандыру бағытында жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау дәрігерімен, Білім беру бөлімімен бірігіп кездесулер өткізу керектігін айтты.

Аудан сот кеңсе басшысы Егізбаева Гулфара. Жүргізушілерге алынған шаралары. Аудан сот судьясы Құспанов Әділ- Жанұя берекеті сау адам, ішімдіктің отбасына келтіріп отырған зияны. Аудан көлеміндегі алкоголь тұтынуға байланысты проблемаларын айтты.

Аудан білім бөлім әдіскері  Жамал Қажмұратқызы.

Ата-аналар құқықтарын білуі керек, бала тәрбиесіне тікелей жауапты, егерде баласы өз құқығын білмей, қиындыққа ұшыраса ғана, құтқару жол іздеп қиналады, әр күнде бақылап, тәрбиесіне үлкен мән беріп отырса, қиындыққа душар болмас еді. Аудан мектептерінде жиналыс кестесі бойынша нарколог дәрігерін сұраймын.

Аудандық орталық ауруханасының нарколог-психиатр дәрігері  Х.Х.Бакенова - Ауданымызда нашақорлық, алкоголь шамадан тыс ішуі үлкен мәселесі. Бүгінгі күні арнайы құралдар бар, жаңадан тіркеу журналын ашып, ай сайын анализ  жасап, есебін әкімшілікке тапсырып отыруды ұйғарып отырмыз. Маскүнемдердің арақ ішкендігін анықтау мәселесі.

Қортынды сөз: Салауатты өмір салтын қалыптастыру  дәрігері  К.Р.Ермуханова - Әр адам өзінің істеген әрекетіне жауап беруі керек денсаулығы ең басты құндылығы, Ел басқарып отырған ағалармен біріге отырып, түрлі  індеттердің алдын алайық. Егерде қандайда бір қиындыққа тап болған жағдайда, облыстық балалардың құқықтарын  қорғау департаментінің сенім телефондарына  (27-24-53,8-717-27-42-528) хабарласу керектігін айтты.

Аудандық  аурухана  әкімшілігі