Президент Н. Ә. Назарбаевтың: «Қазақстан-2050» Стратегиясында елдің болашағының негізі ретінде салауатты қоғамды қалыптастыруға қатысты басты басымдылықтар айтылған. «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», - деп атап өткен.
Салауатты өмір салты дегеніміз – бұл адамның тіршілік ету әрекетінің тұжырымдамасы, дұрыс тамақтануға, дене даярлығы, денсаулықты сақтауға және жақсартуға, зиянды әдеттерден бас тартуға моральдық тұрғыда дайын болу. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық орталықтандырылған аурхана, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп ұйымдастырған денсаулық фестивалінің өзіндік қызықтары да аз болмады.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты жолдауының 14-тапсырмасы бойынша Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 14.08.2015 жылғы №542 бұйрығы негізінде «Денсаулық Фестивалі 2015», «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен Индер ауданында Денсаулық фестивалі аталып өтті.
Фестивалдың негізгі міндеттері:
-Салауатты өмір салтын қалыптастыру,
-Үнемі денешынықтырумен айналысу,
-Тұрғындардың денсаулығын шыңдау,
-30 -пайыз халықты спортқа тарту.
Спорттық шаралар:
-Кросс (1500м)-18-жасқа дейін (ұлдар, қыздар),
-18-29 жас аралығы ( ұлдар, қыздар),
-30-45 жас аралығы (ұлдар, қыздар),
-50-60 жас аралығы (ерлер, әйелдер),
-Білек күшін сынау,
-Кір тасын көтеру.
Мемлекеттік Әнұранымыз асқақтаған спорттық шараның ашылуында аудан әкімі аппаратының басшысы Дарын Шамұратов саламатты өмір салтын ұстану әрбір тұрғынның өзі үшін қажетті екенін, өйткені, дені сау ұрпақ қалыптастыруда айрықша роль атқаратын қадам екенін айтып, фестивальдің сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Бисенбаев өтіп жатқан денсаулық фестивалінің маңызына тоқтала келе, өтетін спорттық сайыстардың тәртібімен таныстырды. Шарада орталық аурухананың медицина қызметкерлері денсаулық фестивалінде аудан тұрғындарын қабылдап, олардың қант диабетін, қан қысымын, бойлары мен салмақтарын өлшеп, өз денсаулықтарына күтіммен қарауға кеңес берді.
Алаңда алдымен 5-6 сыныптың ұл мен қыздары, 7-8, 9-11, 18-35, 35-50 және 50-ден жоғарылар бірнеше топқа бөлініп жүгірді.
1.Жүгіруден -11 адам 1-жүлделі орын алды - (18-45 жас аралығы)
60 жастағы 1 ер адам жүгіруден 1- жүлделі орынға ие болды
2.Білек күш сынау -2 адам жүлделі орын алды
3.Кір тасын көтеру -1 адам жүлделі орын алды
Сайыс соңында қатысушылардың арасында жүлдеге ие болған жүлдегелерді аудандық аурухана бас дәрігері А.Доспаева құттықтап, арнайы дипломдар және сыйлықтар табыс етті.
Аудандық аурухана әкімшілігі