Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

7- сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні апталығы өтті

2015-04-07 17:15:00

DSCN0068.jpg
DSCN0047.jpg
DSCN0042.jpg
DSCN0070.jpg
DSCN0083.jpg
DSCN0072.jpg
DSCN0084.jpg
image-07-04-15-03-51-3.jpeg
image-07-04-15-03-51-5.jpeg
image-07-04-15-03-51-13.jpeg
image-07-04-15-03-51-22.jpeg
image-08-04-15-11-33-1.jpeg
image-08-04-15-11-33-3.jpeg
image-08-04-15-11-34.jpeg
image-08-04-15-11-34-1.jpeg
image-08-04-15-11-34-2.jpeg
image-08-04-15-11-34-3.jpeg
image-08-04-15-11-34-4.jpeg
image-08-04-15-11-34-8.jpeg
image-08-04-15-11-34-9.jpeg
image-08-04-15-11-34-19.jpeg
image-08-04-15-11-34-20.jpeg
image-08-04-15-11-34-22.jpeg

Индер аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімшесінде 7- сәуірде Бүкіләлемдік денсаулық  күні «Мен салауатты салты үшін!» ұранмен өткізілді.     

 Қазақстан Республикасының  Президентінің  2010 жылға 29 қарашадағы №1113, ҚР ДСМ денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған жарлығына және №106 «Саламатты  Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру бағытында,  2012 жылғы 20 ақпандағы Денсаулық сақтау минис-трінің  №104 бұйрығымен  бекітілген  «2012 жылы  салауатты өмір  салтын  қалыптастыру  және аурулардың  алдын-алу   бойынша   іс-шараларды  ұйымдастыру»  жоспарына   сәйкес,  Атырау  облысы  Денсаулық  сақтау  басқармасының  2015жыл 2 сәуір  №138 бұйрығы негізінде «2015 жылдың 7- сәуірінде Дүниежүзілік денсаулық күнін өткізу» бұйрықтарына сәйкес, аудан  көлеміндегі  барлық  ЕСМ  басшыларына, «Мен  салауатты өмір салты үшін!» ұранмен қолымызды таза ұстай отыра өмірімізді сақтайық атты флешмобы және «Ашық есік» күні өтті. Елбасының   жыл  сайын  халқына  арналған   дәстүрлі   Жолдауларында    медициналық   қызмет көрсетудің   қолжетімділігі  мен  сапасын  арттыру, саламатты  өмір  сүру  салтын   алға  бастыру,  халық  өз  денсаулығына  ерекше  көңіл  бөлуі, халық  денсаулығын  сақтау  ісіне  жаңаша қызмет  көрсетуді   басты  мақсат  екені  айтылды. Аудандық орталық ауруханасының  бас дәрігердің   ана мен баланы қорғау  жөніндегі  орынбасары Р.Тулегенова сөз сөйлеп баяндама жасады. Дені сау бала кабинетінің ембикесі  А.Гумарова, СӨСҚ филиалының ембикесімен бірігіп сабақ  ұйымдастырылып өткізді.  1-7сәуір аралығында  ЕСМ-де  дені сау бала кабинетінде «Ашық  есік»  бойынша жас аналармен кездесу ботқаны қалай дайындау керектігі көрсетілді. Жұма бойы емдеу сауықтыру мекемелерде  хабарлама бұрыштарында   түрлі  тақырыптарда аурулардың алдын алуға  арналған  бетше-буклеттер  таратылды.

Тақырыптары:

 -Қозғалыс-бұл өмір!

-Ерлермен әйелдердің репродуктік денсаулығы,

-Өз қан қысымыңызды біліңіз,

-ҚР темекіге қарсы орталықтардың қызметін ұйымдастыру (әдістемелік ұсыныстар)

-Балалардағы семіздік,

-АГ-ауратын пациентер үшін (брошюралар)

-Өзіңді қант диабетінен қорға,

-Қимыл белсенділігі- күн бойына сергектіктің қуаты!

-Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын-алуға арналған жаттығулар кешені,

-Ыстық тамақтың пайдалы қасиеті,

-Денсаулық әліппесі                                                                                                                                                

-Дене белсенділігінің  денсаулыққа әсері

Аудан көлеміндегі емдеу сауықтыру мекемелерде 7 сәуір күні «Ашық есік» күні  қабылданған  адам саны-286.                                                                                                                          

Аудан  көлемінде  жасы  үлкен  апа-ағалармен  7 -сәуір күні акт залында  «Қант диабетіне инсуллин қалай егу -аяқты қалай күтім жасау керек»  тақырыбында  эндокринолог дәрігері А.Рахманбергенова  науқастармен семинар өткізді. Қатысқан адам саны-19. Аудан көлеміндегі мектеп жастарымен кездесулер: 1-5сыныптарда «Мен салауатты өмір салты үшін!» жеке бас гигиенасын, денсаулық дене қозғалысымен байланысы айтылып, ал 6-11 сыныптарда  15 минуттық үзілісте  «Мен салауатты өмір салты үшін» денсаулыққа үлкен мән беру және скрининг бойынша жауапкершілікті арттыру керек екені айтылды, гиподинамия-аз  қозғалыс-жүрекке зияндылығын  және құнарлы  тамақтану, жаяу жүру, темекі тартпау,жүрек-тамыр аурулардың  алдын-алу  деген ұғымдар  айтылып,  жастарға жақсы  өсиет  болды.

Аудан  көлеміндегі  емдеу сауықтыру мекеме участкілік дәрігерлер мен медбикелер   үйлерді  аралап , жасы үлкен тұрғындарға, диспансерлік бақылауда тұрғандарды  аралап арнайы дәрілерін рецепт  бойынша таратып, арнайы  буклет-бетшелермен қамтылды.

Қамтылған тұрғындар саны- 274, оқушылар-4216, ФГ-74. Лабораториялық  талдаулардан өткізілген саны-102, ЭКГ-175 адам түсірілді, күндізгі ауруханада емделгендерге бетше-буклеттер таратқан саны-332.

Аудандық орталық аурухана ұжымы