Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні аталып өтілді

2016-05-12 16:00:00

image-14-05-16-01-42-17.jpeg
image-14-05-16-01-44-14.jpeg
image-14-05-16-01-42-10.jpeg
image-14-05-16-01-44-27.jpeg
image-14-05-16-01-44-30.jpeg
image-14-05-16-01-44-36.jpeg
image-14-05-16-01-44-22.jpeg
image-14-05-16-01-47-29.jpeg

Индер аудандық орталық аурухана ұжымы, дәрігерлер ұжымы Сіздерді бүгінгі  - Халықаралық медбикелер  күнімен шын жүректен құттықтайды.  

Жыл сайын  мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні (International Nurses Day) атап өтіледі. Бұл күні ақ халатты абзал жанды орта буын медицина қызметкерлеріне  құрмет көрсетіліп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіріледі. 

Медбикелердің кәсіби мерекесі дәл осы күні тектен текке атап өтілмейді. 

Бұл күні Англия елінің азаматшысы, медбике Флоренс Найтингейл (Florence Nightingale) дүниеге келген. Ол Қырым соғысында (1853—1856) өзі сияқты медбикелердің басын қосып, дүние жүзі бойынша тұңғыш қайырымдылық қызметін ашты. Қайырымдылық қызмет аясында олар соғыс кезінде жараланған азаматтарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, ем-дом шараларын өткізген. Медбикелер тәулік бойы Түркия мен Қырым ауруханаларында оққа ұшқан жауынгерлерді емдеп, өлімнен арашалап, аяқтарына тұрғызған. Игі көмектері үшін оларға әр кез құрмет көрсетіліп, орасан зор алғыс білдірілген. 

Флоренс Найтингейл ашқан қайырымдылық қызмет арқасында жауынгерлер өлімінің көрсеткіші 42%-дан 2%-ға дейін төмендетілген. Майданнан кейін өз еліне қайтқан Флоренс Найтингейл әскери медицина қызметін құрып, бар жергілікті медициналық мекемелерде ауа желдеткіштері мен су құбырларының орнатылуын талап еткен. 1860 жылы ол алғашқы медбикелердің қайырымдылық мектебін ашқан.

Халықаралық медбикелер күніне жүз елу жылдан астам уақыт толса да, оны атап өту шарасы алғаш рет 1953 жылы басталып, 1965 жылдың қаңтар айында ғана бұл күн ресми түрде тіркеліп, дүниежүзілік мәртебеге ие болған.

Бұл күні әлемнің 141 мемлекетінің медбикелері бас қосып, Халықаралық медбикелер кеңесінің (International Council of Nurses) негізін қалаған болатын. Медбикелер кеңесі 1974 жылы Халықаралық медбикелер күнін 12 мамырда, яғни қайырымдылық қызметтің қазығын қаққан Флоренс Найтингейл туған күнінде атап өту керек деген шешімге келген. Содан бері әр жылдың 12 мамырында дүниежүзі бойынша Халықаралық медбикелер күні атап өтіліп келеді.

Бүгін  қазақстандық медбикелер қатарында  да халықаралық мейрамды атап отырған ауданның 206 орта буын медицина қызметкерлерінің құрамында  4  тіс дәрігері, 11  фельдшер ,  15  акушер, 194 ембике, 12 лаборант, 1  провизор маман иелері бар.         

 Аудан  көлеміндегі  емдеу сауықтыру мекемелерінде қызмет атқаратын медбикелердің 96,3 пайызы  әйел адамдар болса, 3,6 пайызы  ер азаматтар. Медбикелердіңеңбек өтілдері  30 жылдан 40 жыл аралығында  51 пайыз, 20 жылдан 30 жылға дейін 44 пайыз, 10 жылдан 20 жылға дейін 25  пайыз, 5 жылдан 10 жылға дейін 27 пайыз болса, 5 жылға дейінгі жас мамандар 33 пайызды құрайды.

Индер аудандық орталық ауруханасы ҚР  Еңбек Кодексінің талаптарымен аурухананың ұжымдық шарты негізінде  медбикелердің 5 жылда 1 рет білімін жетілідіріп,  санаттылық деңгейін қорғаған  медбикелердің   жоғары санаттылығы   36  пайыз, I санаттылығы  18  пайыз, II  санаттылығы  23  пайызды  құрап, жалпы  санаттылық  38,5  пайызды құрауы әлі де медбикелердің  білім деңгейлерін көтеріп,  санаттылық дәрежесін  қорғау қажеттілігі күн тәртібінен түспейді.

Білім деңгейлерін көтеру бағытында 2011-2015 жылға  арналған «Саламатты Қазасқтан»,  2016-2020 жылға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында және Стратегиялық бағыттағы Жол карталарының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бағытында   орта буын медицина қызметкерлері   халықаралық мамандармен өткізілген  «Жаңа туған нәрестелерге шұғыл көмек»,  «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу», «Жаңа туған нәрестелердің есту деңгейін анықтау», «Босану кезінде қан кету. Эклампсия. Преэклампсия», «Қан айналу жүйесі ауруларының алдын алу»,  «Психология және психотерапия» тақырыптарында семинар сабақтарына жолданды.Сонымен қатар  маман киімдерімен, қауіпті және  аса қауіпті бөлімшелерде қызмет атқаратын мамандар сүт өнім тағамдарымен ұдайы қамтамасыз етіледі. Аурухананың үнемделген қаражат көлеміне қарай дифференциалды ақы және әр учаскенің Ана мен бала, Туберкулез, Онкология, Жүрек қан-тамырлар аурулары, Шағымдар индикаторлар көрсеткіш негізінде  ынталандыру еңбекақысы төленуде. Аудан әкімшілігі тарапынан соңғы  5 жылда келген жас маманның   14  медбикесі жеңілдікпен  тұрғын үй  несиесін алып, баспаналы болса,  14  көтермеақы берілді.

Бұл күні  Сіздер  мерекені  үлкен табыстармен қарсы алып отырсыздар. Аудан көлемінде  туу деңгейі жоғарлап,  жалпы өлім көрсеткіші төмендеп отыр. 

2016 жылдың I тоқсанында нәрестелік шетінеу көрсеткіші тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау саласының негізгі индикаторларының бірі Қатерлі ісік ауруларының алдын алу, Туберкулез аурушаңдық көрсеткіші, Жүрек қан-тамырлар ауруының алдын алу жұмыстарының  көрсеткіштерін жақсарту  қажет.     

Денсаулық сақтау саласының  басым  пайызы  қызметкерлері орта буын медицина қызметкерлері  екенін бәріміз жақсы білеміз. Сіздердің  адал еңбектеріңіз бен абыройлы қызметтеріңізге бәріміз де куәгерміз. Сіздер дәрігермен тағайындалған емді  шипалы қолдарыңызбен тиянақты орындап,  мыңдаған адамдардың  ауруханалар мен емханалардан жазылып шығып, еңбекке қосылуына үлестеріңіз зор.  

Қоғамымыздың ең басты байлығы –  адам денсаулығын сақтауда Сіздер үлкен роль атқарасыздар. Сіздерді мейірбикелер күнімен  тағы да құттықтай отыра, мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке, амандық, шипалы қолдарыңыз талмай  еңбектеріңіздің   жемісін тілейміз деп аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Доспаева  тілек білдірді.