Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін Индер аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері ұйымшылдықпен атап өтті

2015-05-01 22:00:00

image-13-05-15-06-54-15.jpeg
image-13-05-15-06-54-10.jpeg
image-13-05-15-06-54-8.jpeg

Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді, -деп бастады құттықтауын аудан басшысы. Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тығыз бір  тұтас еліміздің ортақ мейрамы. «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, жылдан-жылға ілгері басып келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «2015 жыл-ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы»-деді. Оған мысал, биыл ежелгі қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, қан майданда от кешкен боздақтардың ерен ерлігінің арқасында қол жеткізген Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл, Конституция мен Ассамблеяға 20 жыл толып отыр. Ежелден келе жатқан бауырмалдығымыз бен ауызбіршілігіміз мызғымай дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. Нәтижесінде елімізді мекен еткен сан ұлттың өкілдері өздерінің қазақ халқымен бұрыннан бар бауырластығы мен тату тәтті тірлігін өркендетуге мүмкіндік алды. Сол бекем бірлігіміз мызғымай одан әрі өркен жайып келеді. Айрықша айта кетерлігі күні кеше ғана өткізілген кезектен тыс Президент сайлауында да осынау қасиетіміз жарқын көрініс тауып, кемеңгер басшымызды тағы бір мәрте сайлап, Елбасымыз бастама етіп көтерген «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға кеңінен жол ашылып отыр. 

Оны бүгінгі салтанатты мерекенің үстінде асқақ сезіммен, үлкен ризашылықпен атап өтуге тиістіміз. Республика Президенті-халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Демек, біздің Қазақстан халқының осы сайлауға жұмыла қатысуы, 97,7 пайыз Елбасыға дауыс беріп, өз Президентін сайлауы бұл да халықтың бірлігі мен ынтымағының негізі. Ендеше, Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-бірлігіміз арта берсін, ағайын!
Мұның бәрі бейбітшілік пен берекенің, келісімнің арқасы. Олай болса, осынау ортақ шапағат пен шаттықтың мерекесі елімізге құт, көңілдерге қуаныш сыйласын!

Аудандық аурухана ұжымы