Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне байланысты семинар сабақ ұйымдастырылды

2014-11-25 14:37:00

P1810810.JPG
P1810816.JPG
P1810812.JPG
P1810821.JPG

Қазақстан  Республикасының  Президентінің  2010  жылғы 29  қарашадағы №1113 «ҚР Денсаулық  саласын  дамытудың 2011-2015 жылдарға  арналған Жарлығында»  №106 «Саламатты Қазақстан »  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру мақсатында, Атырау облыстық денсаудық сақтау басқармасының 2014 жылғы  12 қазандағы  №1119  бұйрығына сәйкес, 2014 жылғы 1-ші  желтоқсанда  Атырау  облысында  ЖИТС-қарсы күрес күнін  өткізуге  «ЖИТС таңдамайды. Біз таңдаймыз  ұранымен  Индер  ауданы  бойынша ЕСМ  ЖИТС-ке  қарсы  күрес  Дүниежүзілік  кампаниясын  ұйымдастыру  және  өткізу  бойынша  іс-шаралар  өтті.  Аудандық емханада  дәрігерлер мен ембикелерге 2 семинар  өткізілді. Қатысқандары  адам  саны-89. 2014 жылдың 25 қараша күні «Көктем» орта мектебінде  «1желтоқсан –Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні» арналған семинар  сабақ өтті. Қатысқандар  15 мектептің медбикелері, тәрбие жөніндегі директорлардың орынбасарлары, психологтары, Индербор кентіндегі Көпбейінді ауылщаруашылық колледжісі, ИСИГипсИндер ЖШС-сі, ЖӨБ медбикелері, Қатысқандар саны 52 адам. Оқушылар арасында жоспарлы 200 сауалнамалар, бетшелер мен плакаттар таратылды.  

Мақсаты: АИТВ/ЖИТС-жете сақтану әдістерін, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті  ілімді, әр оқушыдан ересек адамға дейін  білуі  керек және қатысушылар елдімекендегі мектептерді сурет сайысы желтоқсан айы жалғасын табады. Индербор кент орталығында  тұрғындарға емханаға келгендерге «Дәрігерге дейін қаралу» кабинетінде  ЖИТС туралы не біледі екен? Сіз ЖИТС жайында не білесіз? -деген сұрақ төңірегінде 30 сауалнама жүргізілді. 2014 жылғы 27  қараша күні  Индер  көпбейінді ауыл шаруашылық колледж базысында,  Аудандық  білім беру, Жастар ресурсы орталығы,  біріккен «ЖИТС  таңдамайды. Біз таңдаймыз!» атты тақырыбында студентерге  Дөңгелек  үстел  өткізілді. Қатысқандар саны-169 адам, мақсаты: 1-желтоқсан Бүкілдүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күні болып белгіленген. Әлемдік медицина таңғажайып әсері  болатын вакцина  іздестіру үстінде. Дегенмен әзірше сырқаттың белгілерімен ғана күресуге тура келеді. Дәрігерлер бәрінен бұрын тәуекелді топқа 15-49 жас аралығындағы жастарды енгізіп отыр. Жастар ЖИТС қатері әлі ұзақ жыл қарсы тұруға тура келсе де, оны жұқтырмаудың жолын әркімнің білуі маңызды екені айтылды.                      

2014  жылғы 27 қараша айында Аудандық Ішкі Істер  ғимаратында  «Ұлттық алкогольді қолданудан бас тарту күні» жоспарланған семинар кеңес өткізілді. Мақсаты: Аудан көлеміндегі тәртіп, аудан әкімшілігінің «Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу» қаулысын іске асыру мақсатында, Ішімдікке салыну әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда адамды  өлімге  алып  келетін  және еңбекке жарамдылығынан айыратын себептердің бірі болып табылады. Алкогольді пайдалану жанұяда, жұмыста  проблемалы  жағдайларды  туындатып, қайғылы  оқиғалардың, криминалдық тәртіптің, кісі өлтіру мен өз-өзіне қол жұмсаудың қаупін арттырады деп  Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  Индер аудандық  филиалының  салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері  К.Ермуханова  қорытындылады.                   

Аудандық  аурухана  әкімшілігі