Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Конго-Қырым қызбасы туралы Индер аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлескен семинар өтті

2016-05-20 11:22:00

image-27-05-16-11-41-10.jpeg
image-27-05-16-11-41-1.jpeg
image-27-05-16-11-41-14.jpeg
image-27-05-16-11-41-12.jpeg

Индер аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитария және эпидемиология бөлімінің маманы А.Қосымбаева  хабарлама жасап, көптеген инфекциялық патогендер қызбамен, тромбоцитопениямен, коагулопатиямен және қан кетулерімен жүретін геморрагиялық көріністері туралы айтты.

  • Бактериялық сепсис (Neisseria meningiditis)
  • Риккетсиоздар (құзды таулар қызбасы)
  • Спирохетоздар (Лептоспироз)
  • Вирустар (Filoviridae, Arenaviridae, Bunyaviridae, и Flaviviridae

Бірнеше вирустар геморрагиялық қызбаға әкеледі.Олардың барлығында РНҚ бар.

Геморрагиялық қызба вирустары 4 таксономиялық тұқымдастыққа бөлінеді:

  • Филовирусы (Filoviridae)
  • Аренавирусы (Arenaviridae)
  • Буньявирусы (Bunyaviridae)
  • Флавивирусы (Flaviviridae)

Патогенезі

Толық зерттелмеген. Инфекцияның кіру қақпасы кененің шаққан жерінің терісі немесе науқастың қанымен контакта болған зақымдалған тері (аурухана ішілік жұғу кезінде). Шаққан жердің жергілікті өзгерістері айқын болмайды. Вирус қанға еніп және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларына жинақталады. Аурудық екінші кезеңінде, қанда вирустың көптеп анықталуы кезінде, жалпы ауыр интоксикация байқалады, тамыр эндотелиі зақымдалады, олардың өткізгіштігі артады, геморрагиялық диатез дамиды (терігі, кілегейлі қабаттарға, ішкі органдарға қан құйылулар).

Индер аудандық орталық ауруханасының  дәрігер эпидемиолог Р.Ислямғалиев әр жеке адам қорғаныс кйімдерін киюі керек. Кене шағу кезінде міндетті түрде медициналық мекемеге көріну керек.   Емдеу мекемелерінде вирустың жоғары контагиоздығын, сондай-ақ науқас қанындағы жоғары концентрациясын, ескеріледі. Сондықтан науқастарды бөлек бокстарға жатқызу, ал оларға арнайы дайындалған қызметкер қызмет көрсету керек.

Иммунитет

Адамның вирусқа сезімталдығы өте жоғары. Сауыққаннан кейін иммунитет қалады, 1-2 жылға сақталады. Жасанды иммунитет жасау үшін ақ тышқандардың жұққан балалардың миынан алынған формолвакцинаны пайдаланады.

  • Эпидемиологиясы
  • Қоздырғыштар-  арбавирустар тобы, РНК-лы вирус.
  • Вирустың табиғаттағы негізгі резервуары – кенелер (Қазақсатнның оңтүстігінде кең тараған).

Кенелердің негізгі иелері – ауыл шаруашылық жануырлары (ірі қара мал, ұсақ малдар), ал дернәсілдер мен нимфалардың көздері – ұсақ сүтқоректілер (қоян, кеміргіштер, саршұнақтар) және эпидемиологиялық мәні анық емес құстар деп эпидемиологиясын түсіндірді.

Аудандық орталық аурухананың  дәрігер инфекционист  А.Аймағанбетова

  • Клиникалық көрінісі
  • Инкубациялық кезең 1 күннен 14 күнге дейін. Жиі 2-9 күн.
  • Продромальды кезең болмайды.

Ауру жедел дамиды. Бірінші кезеңде, жылдам, қысқа уақыт ішінде дене қызуы 39-40 гр. дейін және одан жоғары көтеріледі, бас ауру, кейде өте қатты, қалтырау басталады, беттің, кілегей қабаттардың қызаруы болады. Организмнің жалпы интоксикациясының белгілері пайда болады (қатты әлсіздік, бұлшықеттердегі, буындардағы ауырсыну, жүрек айну, құсу). 2-4 күннен кейін аурудың екінші кезеңі, геморрагиялық кезең басталады.Науқастың жағдайы тез нашарлайды. Теріге және кілегейлі қабаттарға бөртпе, дақ, гематома түрінде қан құйылулар пайда болады. Кейде қызыл иектің, инъекция орындарының жоғары қанауы болады. Мұрыннан, жатырдан қан кетуі мүмкін. Іштің, бауыр тұсының ауырсынуы, іш өтуі, құсу болады, сарғаю, олигоурия болуы мүмкін. Ауру 10-12 күнге созылады, бірақ науқастар 1-2 ай бойы әлсіз күйінде қала береді. Кейде екінші кезең айқын өтпейді, және ауру анықталмай қалуы мүмкін, себебі аурудың алғашқы белгілері жедел респираторлы инфекция белгілеріне ұқсас өтеді. Асқыну түрінде сепсис, өкпе шемені, ошақты пневмония, жедел бүйрек жетіспеушілігі, отит, тромбофлебиттер болуы мүмкін. Өлім көрсеткіші 2-ден 50 %-ға дейін.

Диагностика

Kлиникалық белгілері, эпид анамнез, бүйрек қызметінің бұзылу көрсеткіштері, серологиялық диагностика, РНИФ жұп сарысу культурасы диагностика әдісі

Емі

Бүйрек қызметінің жүйелі бақылауымен стационарға госпитаизациялау, төсектік режим, диета-стол №4, патогенетикалық ем (дезинтоксикация, глюкокортикостероидтар 10-12 мг/кг), этиотропты ем (виразол к/т, рибамидил 15 мг/кг 5 күн), симтоматикалық ем түсіндірді. Семианрға қатысқан қызметкерлер 58, оның ішінде дәрігерлер саны – 10,  ембикелер саны – 48.