Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Индер аудандық орталық ауруханасында Мейіргерлер күніне орай «Мейірімді мейіргер» сайысы өтті

2015-05-20 16:16:00

DSCN0150.jpg
DSCN0138.jpg
DSCN0151.jpg
DSCN0152.jpg
DSCN0153.jpg
DSCN0154.jpg
DSCN0156.jpg
DSCN0167.jpg
DSCN0168.jpg
DSCN0169.jpg
DSCN0171.jpg
DSCN0176.jpg
DSCN0177.jpg
DSCN0184.jpg
DSCN0186.jpg
DSCN0188.jpg
DSCN0192.jpg
DSCN0194.jpg
DSCN0196.jpg
DSCN0197.jpg
DSCN0198.jpg
DSCN0201.jpg
DSCN0148.jpg
DSCN0205.jpg
DSCN0206.jpg
DSCN0210.jpg
DSCN0219.jpg
DSCN0240.jpg

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз-мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер қайырымдылық пен мейірімділіктің, ізгіліктің жаршысы іспеттісіздер! Сондықтан да медицина саласы қызметкерлері күніне бүкілхалықтық мерекеге айналуы заңды құбылыс екені даусыз. Құрметті мейіргерлер Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз.Сіздердің жұмыстарыңыз халыққа қуаныш  сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.Сіздерге мықты денсаулық, күш-жігер,баянды бақыт және жаңа табыстар тілейміз деп аудандық аурухана бас дәрігері А.Доспаева құттықтады. «Мейірімді мейіргер»  байқауға  төрелік ететін әділ-қазы алқаларымен және  сайысқа қатысушы мейіргерлермен таныстырылды: 1.Рахатова Гүлім –Елтай ДА қарасты Қызылтөбе Медициналық пунктінің фельдшері, 2.Сағынғалиева Айнұр- Көктоғай ДА-ң  күндізгі аурухана мейіргері, 3.Сисенбаева Гулнар –Бөдене ДА  мейіргері, 4.Мерханова Айгерім-Есбол ДА жалпы практикалық дәрігер мейіргері, 5.Сабенова Мейрамгул –Жарсуат ДА мейіргері, 6.Демешова Айна –Индер аудандық емхананың 4-ші ЖПД мейіргері, 7.Сүлейменова Ляззат-Өрлік ДА фельдшері, 8.Нурадинова Гулзара –Аудандық аурухана күндізгі бөлім мейіргері.

Байқаудың турлары:

  1. Таныстыру
  2. Өнер сайысы
  3. Дәм-думан
  4. Сән үлгісі

«Денсаулық» -адам үшін баға жетппес байлық.Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі». «Медицина кәсібі –адамгершіліктің асылы» сондықтан барлық мейіргерлерді құттықтау сөз Индер аудандық орталық аурухананың емхана ісі-жөніндегі орынбасары және аудандық медицина қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрайымы Қаражанова Куляш Құбайдоллақызына берілді. Келесі сайысымыз үй тапсырмасы бойынша әрбір мейіргер өз өнерлерін ортаға салды.

Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып,жанын қоярға жер таптырмай азаптанған ауруынан айықтырып,ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп,жанына дауа,тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен,көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп,өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей,ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандарды құттықтау сөз Индер аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің аурухана ісі жөніндегі орынбасары Зайтова Гулмира Бағытжанқызына берілді. Келесі тур дәм-думан бұл кезеңде сайыскерлеріміз дайындап әкелген тағам түрлерін  таныстырып әділ-қазы алқаларына тапсырды. Соңғы  тур  сән үлгісі мейіргерлеріміз өздері дайындаған сән үлгілерін ұсынды.

Серік етіп сезімі мен сабырын

Іздеп таптыақыл-ойдың алыбын

Ұзақ өмір сүруіне сүйрейді

Әр сәбидің алпыс екі  тамырын

Дерт үшін жол тапты жатқан қинап

Тәтті күміс күлкісін қолға ұстатты

Халықтың денсаулығын адал қорғап-

Сайыстың қорытынды кезеңі марапаттау сәтіде келіп жетті.Мейіргерлерді марапаттау үшін сөз кезегі әділ-қазылар алқасына берілді. «Мейірімді мейіргер» сайысында  I орынды жеңіп алған Сүлейменова Ляззат-Өрлік ДА фельдшері, II орын  Сабенова Мейрамгул –Жарсуат ДА мейіргері, III орын Демешова Айна –Индер аудандық емхананың  4-ші ЖПД мейіргері, ал  қалған  мейіргерлерді  осы сайысқа қатысқаны үшін бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Аудандық аурухана ұжымы