Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Аудан орталығында бір кезекте 100 келушіге арналған жаңа емхана және Бөдене селосында фельдшерлік акушерлік пункт ашылды

2015-08-10 16:50:00

DSC_0195.jpg
DSC_0189.jpg
DSC_0185.jpg
DSC_0170.jpg

Аудан орталығында қуаныш бір кезекте 100 келушіге арналған аудандық жаңа емхананың ашылуымен жалғасын тапты. Жиылғандарды құттықтаған  облыс әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов бүгінгі  дүниежүзінде орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық  қиыншылықтарға  қарамастан Қазақстан даму жолының  қарқынын тоқтатпай отырғанын, бұл Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей  тапсырмасымен жүзеге асып жатқан  игі істер екендігін айтып  өтті. Облыс әкімдігі қызметін бастаған  кезімде Индер ауданында өткір мәселе болып тұрған медицина мекемелерін, мәдениет үйлерін, тұрғын үйлерді алғашқы кезекте салуды қолға  алған болатынмын. Енді, міне, соның  бірқатары жүзеге  асып жатқанында  өзім де қуанып тұрмын. Бұл – кез келген ел мен қаланың ортасында тұратындай қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған, құны 1 млд 150 млн теңгеден асатын  емхана. Емхана әрдайым да аудан  халқының денсаулығын жақсарту жолында қызмет істей бергей, - деді Б.Ізмұхамбетов. Сондай-ақ әкім кезінде емхана құрылысы саларда аурухана маңы бос болмағанын, бірақ бұл жерді кезінде алып қойған азаматтардың  түсіністік танытып, халық игілігіне пайданаланатын орынды босатып  бергеніне алғыс білдірді. Бұдан соң терапевт  дәрігер Шолпан Мұхамедияр  сөз алып, замануи  құрал-жабдықтармен  қамтылған  емдеу орнының  тапсырылуына қолдау жасаған облыс  әкіміне ауданның медицина қызметкерлері және барша аудан тұрғындары атынан ризашылығын  білдіре келе, емхана мен аурухананың бір-біріне жақын  орналасуды  дәрігерлерге  ғана емес, емделушілерге де өте қолайлы  болғанын айтып өтті. Содан соң құрылысты жүргізген «KazConstruction-Group» ЖШС басшысы Мұрат Мұхамедиев жаңа емхананың символикалық кілтін орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаеваға табыс етті. Ал жаңа ғимарат алдындағы лентаны облыс әкімі Бақытқожа Салахатдинұлы мен ардагер Сабырғали Сидеғалиев  бірге қиып, жаңа емханамен танысып шықты. Емхананың ерекшелігі сол – негізінен мүгедектерді оңалтуға бағытталған. Мысалы, арнайы жасақталған бөлмеде мүгедектерді оңалтуға арналған бірқатар жабдықтар қондырылған. Артромот, вертикализатор сынды тағы басқа аппарат сырқат жанның аяқ-қолдарын, саусақтарын қимылдатуға, сүйеп тұрып жүруге, бойын тіктеуге, тағы басқа да дене мүшелерін қимылдатып, жаттығуына мүмкіндік береді екен. Невролог дәрігер Айжан Ермекқалиева қосып өткендей, инсульт соғып аяқ-қолы сал болып қалған сырқаттарды да дер кезінде осындай аппаратармен қимыл-қозғалысына әрекет етсе оңалып кетуіне мүмкіндік зор.

Басты мақсат – мүгедек жанды тек төсекте жатқыза бермей қимыл-қозғалысына әсер етіп, мүмкіндігінше сауығып кетуіне жәрдемдесу. Ал оған емханада барлық жағдай жасалған, - дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева.

Оңтүстік Кореялық жаңа Якуба ультрадыбыстық аппаратының да мүмкіндіктері мол болып шықты. УЗИ дәрігері Зоя Қаражанованың айтуынша, бұл аппаратпен жүкті ананың да, іштегі нәрестенің де саулығын қадағалап, түрлі аурулардың алдын алуға болады. Сонымен қатар әйел, ерлердің аурулары, тағы басқа да сырқаттарды дөп басып айыруға мүмкіндік бар. Лор кабинетінде құлақ, мұрын, тамақ ауруларын емдейтін жапониялық аппарат орнатылған. Осы салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер дәрігер Таған Аманованың айтуынша, бұған дейін құлақ, мұрынның ішкі қуыстарын жай көзбен қадағалап, ем қолдануға тура келсе, жаңа аппаратта бұл мүшелер арнайы экранда үлкейтіліп көрсетіліп, дәрігердің ем жасауына қолайлы жағдай туғызылған. Неврология бөлмесінде орналасқан тракциялық аппарат адамның омыртқаларына қатысты ауруларды емдеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар рентген, зертханалық, офтальмологиялық, тағы басқа да заманауи құрал-жабдықтар бар мұнда. Енді сырқат жандарды бұрынғыдай облыс орталығына не басқадай емдеу орындарына сабылтпай, жаңа емханада емдеуге болады.

БӨДЕНЕ ФАП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Өзге өңірлермен қатар өркені өсіп келетін Бөдене ауылында бүгінде қуаныш көп. Кірме жолы төселіп, жаяу жүргінші жолы салынған ауылда осы күні фельдшерлік-акушерлік пункті де пайдалануға берілді.

Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жергілікті халықты қуаныштарымен құттықтаған облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы мұндай жақсылықтардың әлі де жалғасатынын айтты.

Елбасымыз қашанда халықтың әлеуметтік жағдайына баса назар аударып келеді. Әсіресе халық денсаулығының жақсаруына септігін тигізер осы ФАП секілді нысандар облысымыздың мол мүмкіндігінің арқасында әр өңірде салынып жатыр. Өйткені,      мемлекет үшін оның халқының амандығы – басты байлығы.

Ел экономикасының дамуында әрбір еңбек адамының үлесі бар. Сондықтан әркім алдымен «мемлекет маған не берді» деп емес, «мен отбасыма, ауылыма не жасай алдым» деп өмір сүрсе біз бағындырмайтын белес жоқ.

Жасыратыны жоқ, қазір шетелге шықсақ бізді «қазақ!» деп анық таниды. Мұның бәрі Президентіміздің парасатты саясатының, көрегенді көшбасшылығының, әлемдегі беделінің, елдегі татулықтың арқасында мүмкін болып отыр.

Есігі ашылып отырған жаңа нысан баршаңызға құтты болсын. Ақ халатты абзал жандар халық денсаулығын сауықтыруда адал еңбегімен абыройлы болсын, - деп елге береке тіледі.

Бұдан соң сөз алған ауылдың тұрғыны, еңбек ардагері Қараша Мәулет сөйлеп халық сұранысын қанағаттандырып отырған облыс әкімі мен аудан басшыларына ауылдастары атынан алғысын білдіріп, Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалып жатқанына шын қуанышты екендігін жеткізді.

Символикалық кілті тапсырылып, алқызыл лентасы қиылғаннан кейін облыс басшысы ФАП-нің ішін аралап көрді.

Сән-салтанаты келісті ФАП қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Жатып ем алуға лайықталған күндізгі екі кереуеттік бөлмеден басқа  мұнда сау балалар бөлмесі, алдын ала егу бөлмесі, тіс дәрігерінің бөлмесінің, зертхана мен залалсыздандыру бөлмесі бар. Әсіресе, ақ халаттылар енді анализді айыру үшін аудан орталығына шаппай осы жерден анықтауға мүмкіндік жасалғанына қуанулы.

Мың жарымға тарта халқы бар мекеннің тұрғындарына медицинаның қолжетімділігін арттырған су-жаңа нысанда бір дәрігер, 5 орта буын және 1 кіші қызметкері еңбек етеді.

Елдің игілігіне тапсырылған, жалпы сметалық құны 80445000 теңгеге тең нысан құрылысын «Зап.Электропром» мердігер мекемесі заманауи үлгіде салынғаны көрініп тұр. Ауылдың  да ажарын айшықтай түскен аталмыш нысанның ашылуынан соң тыл ардагері Бағыт Енсепов те облыс басшысына өз ризашылығын айтты: «Әкем кешегі фашистік  Германияға қарсы соғысқа кеткенде біздер бала  болсақта та еңбекке ерте араластық. 1943-1944 жылдары  өгізарбаменколхоздарға жанар-жағармай тасыдық. «Ердің ерден несі артық, елге сіңген ісі артық» демекші, артында айта жүрерлік  ісі қалған адамның ғана тарихта ізі қалады. Сондықтан біз облыста жасалып жатқан  әрбір игілікті ісіңізге  сәттілік  тілейміз» Айтқандай, ауылдың жолдары да жақсарып қалды. Кірме мен ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі  жөндеуге  378557211 теңге  қаржы жұмсалған. Қазіргі  таңда басталған жолдардың  90 пайыз жұмысы аяқталып отыр. Міне, бір күнде 130  отбасыны қуантып, медицина саласын  соны жаналықпен жаңа  деңгейге  жеткізген  қос нысанның  пайдалануға  берілген күні аудан халқы үшін ұмытылмас сәтке айналғаны анық. Иіре білген істің игілікті болатынын ұғындырған  Индер жеріндегі қуанышты  күндер болашақта да жалғасын таба бермек. Өркениетке ілескен өңірлердегі дамуға құлшыныс  бұған мол мүмкіндік туғызады.