Атырау облысында 2016 жылы вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулар бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шараларды Индер ауданында жүргізу бойынша тұрғындармен, ата –аналармен бірлескен жиналыс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Әлифолла Хабиболлаұлы Балахметов, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Доспаева, бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары Р.Тулегенова, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқарма басшысы Ержанова Шолпан Абайқызы, округ мамандары, медицина қызметкерлері қатысты. Жиналыстың күн тәртібіне қаралған мәселелер:
- 2016 жылғы 24-30 сәуір аралығында «Иммундаудағы кемшіліктерді жою» тақырыбы бойынша Еуропалық иммундау аптасын ауданда ұйымдастыру
- Иммунопрофилактиканың маңызы туралы
- Қауіпсіз иммундау мәселесі туралы
Аталған тақырыптағы мәселелер бойынша ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, тұрғындарға және ата-аналарға Иммундау маңыздылығы мен қауіпсіздігі жөнінде бетшелер таратылып, сауалнама жүргізілді.