Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Аса қауіпті жұқпалы аурулар және Сібір жарасы тақырыптарында аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлескен бұйрық бойынша семинар өтті

2016-07-27 09:24:00

image-12-08-16-09-52.jpeg
image-12-08-16-09-52-3.jpeg
image-12-08-16-09-52-1.jpeg

1.Қосымбаева А.Д –Индер аудандық ТҚҚБ санитария және эпидемиология бөлімінің маманы.

Оба қоздырғышы: Yersinia pestis  кеміргіштер мен жануарлардың қанында бактерия болғанда бүрге шаққанда жұғады.  Антибиотикпен емдеу нәтижелі, бірақ емдеу кеш басталса,  өлімге әкелуі мүмкін.

Қосымша тасымалдаушылар: қасқыр, түлкі,шибөрі. Табиғи ошақтардағы: сілеусіндер, суырлар.Қоздырғыш көзі (резервуар) науқас жануарлар. Берілу жолдары: трансмессивті(бүрге, кене шағуы), контактно жаралы (жануарлар тістеуі,  жануарды сою кезінде, алиментарлы (тамақ арқылы) ауа-шаң арқылы.

Алдын алу және індетке қарсы шаралар: Үй-жайларда тазалық және дезинсекция жұмыстарын жүргізу;медициналық манипуляциялар кезінде қауіпсіздік ережелерін (жеке бас қорғанысын) сақтау арқылы өзін және келесі қаралушыны жұқтырудан саұтау;мысалы, қолғаппен, бетпердемен жұмыс, т.бӘрбір емдеу мекемесінде көрінетін жерлерге хабарлау сызбасын, дезинфекциялық құралдарды пайдалану ережесін, науқастардан материал алу ережесін іліп қою;карантин кезінде обаға қарсы костюм кию (жұмыс уақыты – 3 сағат, ыстық күндері – 2 сағат).Обаға күдіктену кезіндегі далалық, клиникалық және патологиялық-анатомиялық материалды зертханалық зерттеуді патогендігі I (бірінші) топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге Орталық режимдік комиссияның рұқсаты бар обаға қарсы күрес ұйымдарының бактериологиялық зертханалары орындайды:
      1) оба қоздырғышының бар болуына күдікті материалды зертханаға зерттеуге жеткізу контейнерлермен, бикстермен немесе тоңазытқыш-сөмкелермен іске асырылады;
      2) зертханада оқшауланған оба қоздырғышы өсірінділерін ұйымдар арасында тасымалдау арнайы поштамен немесе биологиялык қауіпсіздік талаптарымен таныс екі адам қолма-қол жүзеге асырады, бұл ретте олардың біреуінің медициналық (биологиялық, ветеринариялық) білімі және патогендігі I – II топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсаты бар болады.
   Обаға күдіктену кезіндегі далалық, клиникалық және патологиялық-анатомиялық материалды зертханалық зерттеуді патогендігі I (бірінші) топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге Орталық режимдік комиссияның рұқсаты бар обаға қарсы күрес ұйымдарының бактериологиялық зертханалары орындайды:
      1) оба қоздырғышының бар болуына күдікті материалды зертханаға зерттеуге жеткізу контейнерлермен, бикстермен немесе тоңазытқыш-сөмкелермен іске асырылады;
      2) зертханада оқшауланған оба қоздырғышы өсірінділерін ұйымдар арасында тасымалдау арнайы поштамен немесе биологиялык қауіпсіздік талаптарымен таныс екі адам қолма-қол жүзеге асырады, бұл ретте олардың біреуінің медициналық (биологиялық, ветеринариялық) білімі және патогендігі I – II тптағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсаты бар болады.

  Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, медициналық ұйымдар:
     1) обаға қарсы күрес ұйымдарының мамандарына жоғары температура, лимфаденттер және обаға тән басқа да симптомдармен қоса жүретін аурулармен ауырып жазылған адамдарды анықтау үшін медициналық құжаттар беруді;
     2) обамен ауыратын науқастар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге ауруханалық базаның (обамен ауырған науқастарға арналған инфекциялық стационардың, байланыста болған адамдарға арналған изолятордың, провизорлық инфекциялық стационардың) дайындығын;
     3) обаның эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және профилактикасы мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің дайындығын, обамен ауыратын науқас (күдікті) анықталған кезде алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді;
    4) обамен ауыратын шартты науқасты енгізу арқылы оқу жаттығуларын (сабақтарды) ұйымдастыруды және жүргізуді;

   5) оба бойынша ошақтық аумақтағы халықтың, әсіресе табиғатта обаны жұқтырудың жоғары қаупі болатын декреттелген контингенттердің саны және таралуы туралы мәліметтер жинауды;
    6) тұрғылықты жерлерге барған кезде вахталық қызметкерлерді медициналық қадағалауды;
  7) осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген медициналық ұйымдарда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қорғаныш костюмдері, сынама алуға арналған, жеке қорғаныш заттары, дезинфекциялау құралдары жиынтықтарымен және тұзды ерітінділермен қамтамасыз етілуге қойылатын талаптарға сәйкес қорғаныш костюмдерінің, персоналдың жеке профилактика құралдарының, дезинфекциялық құралдардың, сынама алуға арналған жинақтардың, жеке қорғаныш құралдарының, дезинфекциялау құралдары мен тұзды ерітінділердің болуын қамтамасыз етеді.
     2. Аймаганбетова Б.Б –инфекционст

Этиологиясы Қоздырғышы Bacillus anthracis

Сібір жарасы бактериясы

Қасиеті-қозғалмайтын, капсула түзетін грам оң таяқша (антифагоцитарлы әсері бар).Сыртқы ортада спора түзеді. Экзотоксин бөледі, оның әсері:

·         тканьдік ісіну

·         тканьдік тыныс алу процесінің бұзылысы

·         фагоциттер белсенділігін тежейді.

Эпидемиологиясы[өңдеу]

Инфекция көзі болып:жиі ірі және ұсақ малдар, жылқы (60-85%) сирек шошқа, түйе, есе, жабайы жануарлар

Берілу жолдары

·         контакты

·         алиментарлы

·         ауа-шаң арқылы

·         трансмиссивті

  1. Ислямгалиев Р.С-эпидемолог

Мерзімділігі: жаз және күз айлары

Патогенезі[

Қоздырғыштың ену жолы:

·         зақымдалған тері

·         тыныс жолдары шырышты қабаты

·         асқазан ішек жолдарының шырышты қабаттары

·         қоздырғыш кірген жерінде және регионарлы лимфа түйіндерінде көбейеді

·         экзотоксин бөледі

·         жергілікті әсер (геморрагиялық-некротикалық қабыну)

·         жалпы әсері (токсемия) интоксикациялық синдром

Клиникасы: Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін көбінесе 2-3 күн.

Жіктелуі:

- терілік

-жайылмалы

-2 синдроммен өтеді:- интоксикация синдромы

-ағзалардың зақымдалу синдромы

Терілік түрі 99%.

 

 

    Қатысқандар  - 71

    Дәрігерлер  - 18

    Ембикелер - 53