Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хатына сәйкес, 2015 жылғы 8 желтоқсан сағат 1400-де емхананың мәжіліс залында «Жүкті әйелдердің қауіпті жағдайлары» тақырыбында Атырау облыстық перзентхана бөлімінің акушер-гинекологы А.Жәнібеков және көмекшісі акушеркасымен бірлесіп, жалпы тәжірибелік участок, терапиялық участок дәрігерлері, акушерлерге, жедел-жәрдем бөлімінің фельдшерлеріне семинар өткізді. Семинарға 70 медицина қызметкерлері қатысты. Семинарды өткізу үшін мәжіліс залмен, қажетті құрал-жабдықтармен қаматамасыз етілді.
Аудандық аурухана әкімшілігі