ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН - жалақының 3% мөлшерінде
10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ОНЫҢ ШІНДЕ АҚС ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР - табысының 2%
10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР (ЖК)
ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар немесе бжт төлеушілер
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге
Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге
ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР
1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге
МЕМЛЕКЕТ 15 ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНА КІРЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАЙДЫ
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% -. құрайды*
* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БІР ЖЫЛҒА АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН 5 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС
Егер 12 айға төлемдер әр түрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өңделгеннен кейін ғана беріледі
* Төлемдер 3 жұмыс күні ішінде өңделеді
Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, БЖТ төлемі ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді. Алдын ала төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесі тек дербес төлеушілерге беріледі.
Егер сіз БЖТ-ны қате төлеген болсаңыз, онда төлемді "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚ-ға жүгіну арқылы қайтарып ала аласыз
Егер төлем ағымдағы айдың соңында (27-28-ден кейін) жүргізілсе, онда төлемдерді тексеру келесі айда жүргізілуі мүмкін, яғни сақтандыру мәртебесі берілмейді және пациентке келесі жылдың тағы бір айы үшін қосымша ақы төлеу қажет
Егер төлем алдағы 12 айға емес, 11 ай үшін жасалса, онда да мәртебе берілмейді️ ️
2023 жылы дербес төлеушілер ай сайын 3500 теңге төлейді. Бұл АЕК 5%.
Егер 2022 жылы 2023 жылдың айларымен қоса бір жылға алдын ала 3000 теңге көлемінде төлем жасалса, қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ.