Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

2017-10-20 14:18:00

23435125_165590067363408_2975562076322624514_n.jpg
23380205_165589957363419_7131142047655728946_n.jpg
23434938_165590074030074_2155411083372300083_n.jpg
23319318_165589954030086_1211175725613959916_n.jpg
23316564_165590147363400_8833701877035577795_n.jpg
23316495_165589950696753_8829615793925752356_n.jpg
23231647_165590150696733_6774620733559216800_n.jpg
23316412_165590154030066_7777557510514558469_n.jpg
23244495_165590070696741_3100527838031297450_n.jpg

2017 жылдың 20 қазанында Көктоғай дәрігерлік амбулаториясының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатын Аудан әкімі С.Б.Арыстан құттықтау сөзімен бастап, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысы М.Аймурзиева сөз сөйледі. Жаңа ғимарат кілтін мердігер компания өкілдері амбулаторияның аға дәрігеріне табыстап, лента қию салтанаты өткізілді. 
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Көктоғай дәрігерлік амбулаториясының негізі 1968 жылы 40 кереуеттік Зеленый учаскелік ауруханасы болып қаланды. Ауруханада терапия, балалар бөлімі, перзентхана, амбулаторлық және физиотерапия бөлімдері жұмыс жасады. 2010 жылы оңтайландыру бағытында учаскелік аурухана дәрігерлік амбулаторияға ауыстырылып, Индер аудандық орталық ауруханасымен біріктірілді. Көктогай дәрігерлік амбулаториясының қызмет аясы Коктогай ауылын және 70 шақырым қашықтықты құрайтын шалғайда орналасқан жайлым учаскесін қамтиды. Жалпы тұрғындар саны -2695, оның - 216 шалғай участок тұрғындары. Әйелдер саны - 753 ,оның ішінде бала босану жасындағы - 426, жүкті әйелдер - 26. Жалпы балалар саны - 738, оның ішінде 1 жасқа дейін - 60. Жалпы Д –учетта адамдар саны - 620, мүгедектер - 114, ересектер - 105, балалар - 9.
Амбулаторияда 2 ЖПД дәрігері, 11 орта буын қызметкерлері жұмыс жасайды. Мамандар біліктілік курстарынан әрбір 5 жылда жоспарлы түрде оқытылып, арнаулы сертификаттармен қамтылған. «Денсаулық» бағдарламасына сай жұмыс жоспары жасақталып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетілуде.. Дәрігерлік амбулатория интернет жүйесіне қосылған 5 компьютер пайдаланылуда. Жұмыс барысында ақпараттық жүйелер ( РПН , СКПН , АЙС поликлиника, ЭРСБ , ЭРДС, ИСЛО, КазМедИнформ) қолданылады.Дәрігерлік амбулаторияда күндізгі аурухананың 7 керуеті жұмыс жасайды, оған көрсетілімдері бойынша Д–есепте тұрған балалар, ересектер және бала туу жасындағы әйелдер, мүгедектер ем қабылдап, сауықтырылады. Амбулаторияға 2016 жылы УАЗ автокөлігі пайдалануға берілді. Ендігі кезекте, мердігер INCOC компаниясына, Аудан әкімдігі мен АОДСБ алғысымызды білдіре отырып, жаңа ғимаратта округ тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары бұрынғыдан да қарқынды жүретіндігіне нық сенім білдіреміз.