Индер аудандық орталық аурухана сайтына қош келдіңіздер!

Индер аудандық орталық ауруханасы

Сіздің және таныс, туыс , достарыңыздың өміріндегі ең маңыздысы-ол күмәнсіз, денсаулық. Біздің мекеме сізге ең ауыр, қиын ауруларды емдеуге көмектеседі.

Аудандың Азия бетіндегі халыққа алғашқы медициналық көмек көрсету үшін Индерде 1937 жылы амбулаториясы ,перзентханасы бар 20 кереуеттік алғашқы аурухана ұйымдастырылған.

Ауруханада өмірден озған белгілі дәрігер хирургтар Қ.Иманғазиев, Ж.Ермұханов, А.Аймұратов жұмыс істеді. Осы дәрігер хирургтар кезінде жараланған жүрекке , күрделі тамырларға және басқа да көптеген күрделі операцияларды жүзеге асырған.

Қазір Индер аудандық орталық шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсінорны , ол- қазіргі заманға сай диагностикалық аппараттармен қамтамасыз етілген және жоғары квалификациялы дәрігерлермен мамандырылған мекеме.

Біздің мамандар медициналық көмекті емханада және үйіңізге барып көрсетеді.

Емханада :

  • жанұялық денсаулық орталығы (Жалпы практикалық дәрігер)
  • күндізгі аурухана (15 керуеттік)
  • клиникалық зертхана,
  • жастар денсаулығы орталығы,
  • функционалды -диагностикалық бөлімше жұмыс істейді.

Басты бөлімшелерден басқа емханада:

  • психо-әлеуметтік кеңес беру бөлмесі
  • сау балаларды қабылдау бөлмесі
  • жанұя жоспарлау физиопсихио-профилактикалық дәріс беру бөлмесі
  • егу бөлмесі және т.б. бөлмелер жұмыс істейді.

Біз заманмен бірге қадам жасап ,әрдайым жаңа әсері көбірек диагностикалық аппараттар алуға және мамандардың квалификациялық білімдерін көтеруге тырысамыз.

Біздің емхананың диагностикалық бөлімі қазіргі заманға сай компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол жабдықтар дұрыс диагноз қоюға және ішкі құрылыстың бұзылуын анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің лабораторияда әртүрлі зерттеулер өткізіледі.

Аудандық емхана салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін барлық күшін салады.

Сол себепті емханада :

  • ”Артериалды гипертония”,
  • “Қант диабеті”,
  • “Бронх демікпесі” денсаулық мектептері ұйымдастырылған.

Ауданымызда бүгінгі күнде   50 дәрігер, 191 ембике, 57 кіші буын қызметкері, 97 басқа да қызметкерлер  қызмет атқарады.

Дәрігерлердің 3-жоғары санатты, 9- І санатты, ІІ санатты – жоқ. Ембикелердің 37-жоғары санатты, 21-І санатты, 25-ІІ санатты.

2014 жылы ауданымызға 2 жас маман дәрігер келд: Идрис Балжеміс Идрисқызы және Бакишева Карлыгаш Сагидуллина. 6 жас маман орта буын қызметкері жұмысқа орналасты.

  • Еңбек өтілі 40 жылдан асқан 1 дәрігер Мухамедияр, 3 ембике бар, 5 кіші буын қызметкері, 3 қызметкер бар.
  • Еңбек өтілі 30 жылдан асқан 17 дәрігер, 55 ембике бар, 18 кіші буын қызметкері, 8 қызметкер бар.
  • Еңбек өтілі 20 жылдан асқан 8 дәрігер, 52 ембике бар, 37 кіші буын қызметкері, 26 қызметкер бар.

Біздің емханада салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері методикалық және консультативтік салауатты өмір салтын күшейту үшін жұмыс істейді.

Денсаулығыңызды сақтаңыз ,ал егер ауырып қалған болсаңыз емделуден қорықпаңыз және емделуді артқа қалдырмай , бірден біздің емханаға келіңіз , біздің дәрігерлер сізге көмектеседі !

Сізге оңай емделу және мықты денсаулық тілейміз !

Салауатты өмір салтын сақтап , ауырмай жүріңіздер !