Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

Қызылша және одан сақтану

2015-02-17 15:22:00

 

 

Қызылша вирустар туғызатын жұқпалы ауру. Жасырын кезеңі 7-17 күнге созылады.

Алғашқы күндері ауру тұмауға ұқсап өтеді, яғни температура көтеріледі, мұрын бітеді, бала жөтеледі, көз қызарып, жасаурайды. 3-5 күндері температура ең жоғарғы шегіне жетеді, құлақтың сыртына бетке қызғылт бөрткендер шығады. Бұ күндері бала қатты жөтеледі, температурса 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Бөрткендер басылғаннан кейін ғана температура қалпына келеді, жөтел басылады, бөрткен жерлердің терісі түлейді.

Асқынбаған ауру әдетте 10-14 күнге созылады. Бөрткендер шыққаннан кейін температура төмендемесе, аурудың асқынғаны. Бала көбінесе бронхитке, пневмонияға, ортанғықұлақтың қабынуына шалдығады. Баланың қалі нашарлайды, тәбеті жоғалады, шөлдей береді. Сондықтан балаға суды жиі беру керек,аузын жиі-жиі шайып отыру қажет, көзін бор қышқылының ерітіндісімен, қайнаған сумен сүртіп отырған жөн. Бөлмені қаранғылып қойған дұрыс. Бала жатқан бөлмені жиі-жиі желдетіп отыру қажет, таза ұстаған жөн. Температурасы қалпына түскен соң баланы төсектен тұрғызуға, ал бір аптадан кейін қыдыруға, ойнатуға болады.

Ата-аналар! Қызылшадан кейін бала организмі қатты әлсірейді, сол себептен тұмауратады және ішек ауруларына шалдығады. Осы кезде балаға ерекше көңіл бөлініздер, дәрігердің айтқандарын орындап отырыныздар.

Қызылшаның алдын алу үшін баланы дер кезінде 12-15   кезінде ектіру, ал 6 жасында мектепке барар кезде қайта ектіру қажет.