Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

k-vrachu.kz

«Индер аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі

2014-10-21 10:12:00

  1. «Дәрігерді үйге шақыру»;
  2. «Дәрігердің қабылдауына жазылу»
  3. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту»
  4. «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»
  5. «Наркологиялық диспансерден анықтама беру»
  6. «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» (көк тамырдан қан алу)
  7. «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» аудандық туберкулезге қарсы диспансерде

«Дәрігерді үйге шақыру» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» емхананың 1 қабатында  тіркеу орнына (регистратура) аяқтай келгенде, немесе  үйден 2-12-62 телефоны  арқылы көрсетіледі. Регистратура дүйсенбі – жұма аралығында - үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні- сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс жасайды; 2-12-62 телефонына 4 телефон аппараты  қосылған, бір нүкте бос болмаса екінші аппарат міндетті  түрде  жауап береді. Учаскелік дәрігерді үйге шақыртуға қабылдаудан тыс уақытта  барады. Қабылдауға жазылғанда дәрігердің бос күнімен бос уақытына жазу жүргізіледі.  Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі. Сондай-ақ үйде отырып, Индер аудандық орталық ауруханасының  inder-crb.kz веб-сайт порталы арқылы дәрігерді үйге шақыру және дәрігердің қабылдауына жазылуға болады.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»  жылына 1 рет жүргізіледі.  Тұрғылықты  халықты  аудандық емханаға тіркеу жүргізілуде. Егер  ауданға басқа жақтан көшіп келгендер болса ,медициналық қызмет  алу үшін аудандық орталық аурахана бас дәрігерінің атына  жазылған  еркін түрде  арыз және төлқұжат  немесе туу туралы куәлік  көшірмесін  тапсырсаныз тіркелген  халық тіркелім порталына  медицина қызметкерлері тіркейді.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден анықтама беру емхананың 4 қабатында №56 кабинетінде   психиатр- нарколог дәрігерімен  көрсетіледі.

Дәрігердің жұмыс кесте: дүйсенбі - жұма аралығында сағат 08.30-ден 18.00-ге дейін,  үзіліс 12.30дан 14.00-ге дейін.Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет ақылы, ақысы емхананың 1 қабатындағы тіркеу бөлімшесіндегі  кассаға төленіп, фискальдық чек негізінде психиатриялық, наркологиялық есепте тұрамайтынын немесе есепте тұратынын жөнінде анықтама ала аласыз.

«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік қызметін алу  үшін аудандық емхананың 2 қабатында орналасқан № 34 егу бөлмесінде жұмыс күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі-жексенбі күндері 09.00-18.00. аралығында көк тамырдан  қан  алу жүзеге асырылады, ал анықтама-сертификат Атырау  облыстық  ЖИТС- орталығында  беріледі.  Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі

Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік қызметі аудандық туберкулезге қарсы диспансерлерінде  көрсетіледі. Индер кенті, Шахтер көшесі, 14 мекен-жай бойынша сағат 08:30 - 17:00 – ге дейін, түскі үзіліс 12:30 – 14:00-ге дейін.