Анкета

Пройти анкетирование

После заполнения анкетных данных, просим направить по адресу:

inder_crb@mail.ru

Баннерлер

Антикоррупционная служба

Атырау қаласының №7 емхана базасында өтініштер мен ұсыныстар қабылдайтың бірыңғай Call - орталығы жұмыс жасайды. Call- орталығының телефоны 8 (7122) 98-02-92.

Колл-центр

Құрметті Индер ауданының тұрғындары

2016-09-29 15:36:00

Құрметті Индер ауданының тұрғындары,  2016 жылдың 15 қыркүйек – 15 қараша айлары аралығында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тұрғындарды бекіту бойынша Кампания жарияланды. Осы науқанға байланысты барлық емханаларда еркін тіркеу жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Тұрғындардың тұрақты немесе уақытша мекен-жайы, жұмыс орны, оқу орны бойынша бір әкімшілік-территориалдық бірліктегі емханаға, дәрігерлік амбулаториялрға немеес медициналық пунктке тіркелуді еркін таңдау құқы бар.  Тұрғын тек бір ғана АМСК мекемесіне тіркеле алады. Сонымен қатар, тұрғын өз бетімен емханаға қаралған кезде немесе учаскелік медбикенің үйден қарауы кезінде тіркеле алады.

Емханаға тіркелу үшін келесі құжаттар болуы керек: жеке куәлік, еркін формадағы арыз. Кампания уақыты аясында тіркелген тұрғындар медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемін 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала алады. Оған дейін физикалық тұлға ағымдағы жылда тіркелген АМСК мекемесінде медициналық көмек алады.

АМСК мекемесіне азаматтарды тіркеу жүргізіледі:

  • бір әкімшілік-территориалды бірлік аймағынан басқа жерге тұрақты немесе уақытша мекен-жайын, жұмыс орнын немесе оқу орнын өзгерткен кезде;
  • АМСК мекемесінің қайта кұрылуы немесе ликвидациясы кезінде;
  • азаматтың дәрігерді немесе медициналық мекемені еркін таңдауы кезінде жылына бір реттен жиі емес;
  • жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында  алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тұрғындарды бекіту бойынша Кампания уақытында.

 

Сонымен қатар, емханаға электрондық үкімет www.egov.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Егер Сіз бұрын басқа медициналық ұйымда тіркеуде болған болсаңыз, тіркеуден шығу электронды форматта жүргізіледі.

Медициналық қызметкерлер тұрғындарды тіркеу Кампаниясына белсене қатысуға шақырады. Емханаға тіркелу мүмкіндігін жіберіп алмай, Индер аудандық орталық ауруханасына тіркелуге шақырады!